Николь Кидманның киноөндірістегі еңбегі 50-ге толған шақта ерекше бағалана бастаған сынды. Канн фестивалінің арнайы сыйлығын қанжығалап, енді «Жыл актрисасы» атанды! Николь Кидман – актриса: «Екі аптадан соң өтетін туған күніме берілген ерекше сый деп қабылдадым. Жарты ғасыр өмір сүргенімді ойласам бойымды қорқыныш билейді. Дегенмен, көңілім жас! Сондықтан, сіздер үшін әлі талай еңбек етемін деген үміттемін.» «Glamour» журналы жаһанның ең танымал нәзік жандыларын марапаттауды дәстүрге айналдырғанды. Биыл, бұл жүлде Никольдан басқа «Dior» - дың креативті директоры Мария Грация Кьюриге де бұйырған. «Жыл азаматы» атағы CBS арнасындағы ең рейтингті шоудың жүргізушісі – Джеймс Корденге табысталды.
«Glamour» журналы Жаһанның «Жыл әйелін» таңдады!
07.06.2017