Ал, бүгін әлеуметтік желідегі жеке парақшасының алғашқы постын бүлдіршіндерге арнаған жұлдыздар, балаларды қорғау күніне деген ақ тілектерін ұмытпады. Алайда, жұмыс кестесі тығыз танымалдардың өз балалары бұл күнді қалай атап өтеді? Біз біліп көрдік...
Әнші Дидар Кәден мен Айым Алтынбекова бұл күнді ұзақ күтті. Өйткені, 1-ші маусым балалар күні - тұңғыштары Диярдың алғашқы мерекесі! Айым Алтынбекова, бьюти-блогер: - Таң жақсы атты! Әжесі баласына жаңа киім әкеліп берді. Сыйлығын сыйлады. Бұл жерде балаларға арналған барлық «условия» дейді ғой, бәрі бар! Сол бүгін баланың көңілін көтеру үшін осында келдік. Осылайша, Айым балалар мейрамын көңілді өткізу үшін, ұлымен ойын-сауық кешеніне асыққан. Өйткені, 8 айлық бүлдіршіннің бүгінде әр күні тығыз кестеге түзілген жоспарлардан тұрады. Айым Алтынбекова, бьюти-блогер: - Негізі баланы плаванияға алып барамыз. Аптасына 3 рет плаванияға барады. Оның арасында массаж бар. Ол әлі кішкентай, сондықтан ондай көп секцияға апармаймыз. Жұлдызды жұп, Диярдың болашақ мамандығына да таңдау жасап қойғандарын айтады. Жас ата-ананың болжамы бойынша, ұлдарын танымал тұлғалардың тізімінен көруге үмітті. Өйткені... Айым Алтынбекова, бьюти-блогер: - Негізі камераны жақсы көреді. Сондықтан, менің ойымша әкесі мен апасынан қалмайды деп ойлаймын. Олда сол бағытта кететін шығар. Бірақ, дегенмен қолымыздан келгенше барлығын тырысып бағып жатырмыз! Балалардың бақытын тілеген жұлдыздардың жылы лебізі әлеуметтік желіде де жолданып жатыр. Сәкен Майғазиев, Динара Сұлтан, Санжар Мәди, Нұртас Адамбай, Рано Умарова бүлдіршіндерге ақ тілегін арнаса, тележүргізуші Динара Сәтжан соңғы постында, сәбилерді видео-жазба арқылы құттықтаған! -Құрметті жас достар, мерекелеріңізбен! Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілейміз! Ізгі ниетпен: Диана мен Динара.Балалар күнін қайда атап өткен жөн?! Жұлдыздар жауап берді!
01.06.2017