16 жасында теміртұлпар тізгіндеген Қыдырәлінің ұлы желіде сынға ұшырады! Ал, әкесі не дейді?
12.05.2017
Қымбат теміртұлпар тізгіндеген Қыдырәлінің ұлы суретін желіге жүктелген бойда, желі қолданушыларының сынына ұшыраған-ды. Оқырмандарының алаңдауына да себеп бар. Өйткені, Бекболат әлі кәмелеттік жасқа толмаған.
- Өз ақшаңа алдың ба?!
- Сабағыңды оқып алсашы!
- Әлі құжаты жоқ қой, жас бала!
Бекболат теміртұлпар тізгіндеген фотосын желіге жүктегені сол еді, оқырмандары жағымсыз пікірлерді қарша боратты. Алайда, қымбат көліктің ішінде суретке түскенімен, қожайыны Қыдырәлінің ұлы болмай шықты.
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
- Бір достарының машинасына мініпті де, суретке түсіпті. Оған кез-келген мың баланың біреуі түсіп, біреуі салып жатқанына бәленбәй уақыт болды, мысалға. Бірақ, Қыдырәлінің баласы бір мәшинеге түссе, ол интернетте анаған кетеді, оны мынау мынаған жазады.
Иә, қазіргі таңда әлеуметтік желіге тіркелген жұлдызды балалар жұрт назарында. Бүгінде Бекболаттың 47 мыңнан астам оқырманы бар. Ал, инста әлемде теміртұлпар тізгіндеп жүрген бозбаланың жақын күндері көлік міну жоспарында жоқ!
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
- Көлік алып беру деген оңай нәрсе емес. Ол өте бір отпен ойнау, былайша айтқанда от қой машина деген. Ол жас балалар болғаннан кейін жылдамдықты жақсы көреді.
Көлік тізгініне ерте жастан отырғандардың тізімінде Баян Мақсатқызының Айсәулесі мен Айнұр Тұрсынбаеваның Айданасы да бар! Жол-ережесін бұзған айтыскер ақынның қызы адам қағып, атағы да шыққан болатын.