Фолловерлеріне жалған жарнама тықпалаған жұлдыздар енді жазаланады
11.05.2017
Коачелла жастар мерекесінің баламасы ретінді таныстырылған Fyre Festival ұйымдастырамыз деп уәдені үйіп-төккен бәзбіреулер, жарнаманы жұлдыздар арқылы жасаған. Бірнеше, миллион долларларға бағаланған билеттің сатылуына Кендалл Дженнер, Белла Хадид, Эмили Ратаковски, Хейли Болдуиндердің әлеуметтік желідегі пиар-посты әсер етті. Нәтижесінде, алаяқтар табанын жалтыратып, сан соққан халық абдырып қалды. Жұлдыздар да басын ала қашты. Мұндай жәйттар жиілегендіктен, «сауда-саттық федералды комиссиясы» жарнамаға құмар жандардың міндеттерін арнайы құжат арқылы бекітті. Енді, олар әр «пиар-посты» үшін жауапты деген ескерту хатты 45 танымал тұлғаға жолдаған.
Аdemi, әнші:
– Үш мың теңгелік көз бояуын жарнамалап, инстаграмда бір ғана пост жазуға қыруар қаржы ұсынды. Бірақ, арзан дүние беделіме нұқсан келтіретіні анық. Ертең, оқырмандарым арасында сапасыз дүние қолданады деген пікір қалыптасады ғой.
Әсел Сәдуақасова, продюсер, актриса:
– Қыруар қаржы ұсынып, жарнама жасауымды өтінетін компаниялар көп. Бірақ, қисынсыз дүниенің бәрін тықпалай беру, имиджіме нұқсан келтіре ме деп қорқамын. Сондықтан, белгілі бір брендтермен ғана ұзақ мерзімді келісім шарт түзіп, солардың өнімін ғана ұсынамын.
Дегенмен, медиа тұлғаның бәрі өздері сыннан өткізген сапалы заттарды ғана ұсынады дей алмаспыз. Әдетте, ақысы төленсе жарнамалай беруге дайын. Көп жағдайда айырбас арқылы жұмыс істейміз дейді, - біздегі селебрити.
Айқын, әнші:
– Кем дегенде 200 доллар 150 доллардың несін бір фото салғаны үшін алады! Бартермен, ол кәдімгідей эконом. Қымбат бір бутик болса, әрине оларға қымбатырақ сұрайсың.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
– Біздің де бақуатты өмір сүргіміз келеді. Сапалы бейнебаян түсіріп, ән жаздыруға асықпыз. Бірақ, тойдан өзге қайдан табыс табамыз?! Сол үшін бетімізді әрлеген, косметикалық күтім жасаған салондарға ақы төлемей, осылай «алғыс» білдіреміз.
Сондықтан да, Американың сауда-саттық федералды комиссиясы: жұлдыз әр жазбасында жарнама берушімен қандай келісім-шарт түзгенін жазуы қажет, дейді. Талаптар сақталмаған жағдайда пост әлеуметтік желіден өшіріледі. Мұндай міндеттеменің бізге де жетер уақыты алыс емес.