Жұлдыздар неге өлшемі үлкен туфли киеді?
07.03.2017
Нәзікжандар өз ыңғайына түрлі лайфхак ойластырып алғанға шебер ғой. Мәселен, жұлдызды арулар бір өлшем үлкен туфли киеді! Шақ аяқ киім таба алмады ма сонда? Бұл сауал төңірегенде талай жан бас қатырғанымен, нақты жауабы табылмағанды. Біз, танымал сылқымдардың өзінен сұрап көрдік.
Голливудта кіші размерлі туфлилер тапшы! Алтын уақытын лайықты аяқ киім іздеуге жұмсап, әбден жылыққандықтан олар үлкенін еншілеуге мәжбүр! Атақты брендтерді жалға алатын жұлдыздарға, табылған өлшемі осы шығар! Қызыл кілем салтанаттарына қолпылдаған туфлимен келетін селебритидің бұл әрекетіне қатысты түрлі болжам айтылады.
Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының экс-әншісі:
– Мен бір размер үлкен джинсы аламын. Өйткені, күні бойы жүргенде адам ісіп кетеді. Тамақ жейді деген сияқты. Кешке дейін шыдамай кетесің тар джинсыдан. Туфлимен де солай. Бір размер үлкен аламыз. Өйткені, күні бойы жүреміз.
Кез-келген мәселенің қисынын келтіретін нәзікжандардың бұл әрекеті талай азаматқа таңдай қақтырды. Дегенмен, ерлердің де үлкен өлшемді аяқ киімді гардеробына қосатын сәттері болады!
Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының әншісі:
– Аяқ киімдердің арасында бар. Үлкен размерлік аяқ киімдерім бар. Бірақ, суық кезде, түсіндерейін не үшін екенін. Жиі Астанаға барамыз, сол кезде жүн носки киіп аласың да, сол кезде тура размермен жүре бересің солай.
Ербол Салықбаев, «Алау» тобының әншісі:
– Күту және де репетиция көп болады. Сондықтан да біз спортивный киім алып аламыз өзімізбен бірге. Болмаса шлепка сондай бір аяқ киім алып аламыз.
Сәнқой сылқымдар сұлу декольтемен жүру үшін қандай қадамдарға бармайды десеңізші! Ашық төсін бронзатор мен хайлатердің көмегімен үлкейтіп, төстартықыштың да түрлісін тауып алуға бар. Тіпті, арнайы скотч арқылы кеудесін керіп қоятындар да табылады.
Адэми, әнші:
– Әріптестерімнің бірнеше өлшемге тар корсет кигенін көргенмін. Мұндай көйлектер белді қылдырықтай етіп, мүсініңнің мінсіз көрінуіне әсер етеді. Топта ән салған кездерімде, қасымдағы қыздардан аяғым үлкен болып тұрмасын деп бір размер кіші туфли киюге мәжбүрлейтін.
Ыңғайлылық қашанда трендте! Мінсіз сұлулыққа ұмтыламын деп, күлкіге қалудан сақтанғайсыз.