Көп күткен жекпе-жегіне он күн қалғанда шеттетілген Арман Оспановтың аяғынан шалған кім?
07.03.2017
Елге танымал жекпе-жек шебері Арман Оспанов АҚШ -та өткізуі тиіс жекпе-жегінен шеттетіліп, басы дауға ілікті. Бұған, спортшыға қасақана әрекет еткен, көре алмаушылардың арызы себепші болған көрінеді. Қиын сәтте Қанат Исламнан бастап, мыңдаған жанкүйері қолдау танытқан Оспановтың оқиғасын біз зерделеп көрдік.
АҚШ-та 18 наурызда өтуі тиіс WSOF 35 турниріндегі тұңғыш жекпе-жегі таяғанда, Арман Оспанов жарыстан шеттетілген. Сонымен қатар, аталмыш ұйым жекпе-жек шеберіне былтыр өздері ұсынған келісімшарттан да бас тартты. Бұған себеп,WSOF басшылығына жазылған бірнеше шағым-хат пен әлеуметтік желілерде жасалған ақпараттық шабуыл дейді «Алаш Прайд» клубының басшылығы.
Данияр Қасқарауов, «ALASH PRIDE» кәсіпқой клубының директоры:
- 2015 жылы Арман Оспанов жауынгерлік самбодан үшінші мәрте әлем чемпионы атанғанда, қанынан тиым салынған заттар анықталады. Спортшы өзі медициналық емделу мақсатында қабылдаған дәрілер құрамынан, допинг саналатын «кленбутерол» болғанын білмеген. Дәлел ретінде дәрігерлік анықтама да көрсеткен. Бірақ, FIAS ұйымы оған өз шеңберіндегі сайыстарға қатысуға төрт жылға тиым салады. Бұл оқиға бүгінде Арманның АҚШ – тағы сегізбұрышқа шығуына кедергі болды.
Данияр Қасқарауов, «ALASH PRIDE» кәсіпқой клубының директоры:
- Арман Оспанов өзі төбелесуі тиіс WSOF 35 турнирі алдында барлық медициналық тексерулерден таза өткен. Үш айдай тынбай жаттығып, салмақ қуалаған жекпе-жек шеберін көпшілік қиянаттың құрбаны болды деп санайды. Боксшы Қанат Исламнан бастап, көптеген жанкүйерлері оған қолдау білдіруде.
Кәсіпқой мансабында 7 мәрте айқасып, ұтылмаған Арман Оспановқа қазірдің өзінде Еуропа, Ресей, Жапония мен Қытайдың жекпе-жек ұйымдары келісімшарт ұсынып үлгерген. Ол мақсат еткен UFC, әзірге қазақ баласы бағындырмаған биік болып қала тұрмақшы. Жанкүйерлер болса, Арманға тұсау болған допинг-дау мен үшбу арыздың иесі туралы нақты деректерді білуді қалайды.