Биылғы көктемде қандай хош иіс трендте?!
03.03.2017
Отандық бомонд, барлық жұмыстарын бір шетке ысырып қойып, су жаңа әтірдің тұсаукесеріне жиналды. Сонымен, биылғы көктемде қандай хош иіс трендте?!
Трендтен қалыспайтын шоу-бизнес өкілдері, бұл күнді асыға күткенін айтады. Себебі, жұпар иісі аңқыған әтір де, образды толықтыратынына сенімді. Парфюмның жаңа түрлерімен танысуды қазақстандық бомонд сәнге айнадырғаны қашан.
23 жылдық тарихы бар «Дуэт L» көктемді асыға күтетін жұлдыздардың бірі. Жер дүние жаңарған шақта құрылған тобымыздың туған күнін қалдырмай атап өтеміз, - дейді Людмила. Биыл дуэт әншілері сыйлық ретінде бір-біріне әтір ұсынбақ.
Людмила Ким, «Дуэт L» әншісі:
- Көктем келсе, әрақашанда балғындықты қалаймыз. Мәселен, менің жаныма жақын жаңбыр мен лимонның хош иісі. Сонымен қатар, бұл тізімге гүлдер міндетті түрде кіруі тиіс. Раушан немесе майда көк гүл. Себебі, дәл қазір көктем мезгілі ғой.
«Сән қууға әуестенбеймін, сондықтан сүйікті әтірсуымды ауыстырмағалы біраз болды», - дейді шоумен Кирилл Мейстер. Алайда, биыл жанына жақын жұпар иісті таңдап, бір жаңартып қоюды жөн деп шешкен.
Кирилл Мейстер, тележүргізуші:
- Маған цитрус өсімдіктерінің иісі қатты ұнайды. Бұл ер адамдарға жарасатын сияқты. Сонымен қатар, жеміс-жидектердің хош иісі де жаныма жақын. Бірақ, уақыт өткен сайын, талғамым өзгеріп отырады.
Ал, биылғы жылы ер азаматтар мен қыз-келіншектер қандай хош иіске таңдау түсіру керек?
Инна Бойченко, иіс су сарапшысы:
- Мәселен, ер адамдардың басым көпшілігі гүлдердің немесе ваниль хош иісін қалайды. Олар романтиканы ұнатады. Ал, әйел адамдары үшін амбро хош иісі трендте. Бұл - жылулық, нәзіктіктің белгісі. Биылғы көктемде де, дәл осы таңдауды жасаса, қателеспесі анық.
Хош иіс - өзіңіз жайлы сыр шертеді. Сондықтан, сіздің көңіл-күйіңізді, тіпті мінезіңізді сипаттайтын иіссу өзіңізге емес, жаныңыздағыларға да жағымды болуы тиіс.