Қалың қалай, Димаш?! Әнші Қытайда сырқаттанып қалды...
03.03.2017
Димаштың денсаулығы сыр бере бастаған сынды. Үздіксіз түсірілімдер, ұйқының қанбауы, климаттың ауысуы - әнші жігітке кері әсерін тигізсе керек.
Күні кеше «Singer» реалити-конкурсының 8-ші айналымының түсірілімін өткізген Димаштың денсаулығы сыр беріп, ойдағыдай өнер көрсете алмаған. Бұл жайында әншінің жанкүйерлері желіде жариялапты. Сонымен қатар, қытай тілінде ән орындаған Құдайбергенов, бұл кезеңде 5 орынды еншілеген.
Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері:
- Иә, Димаштың сырқаттанып қалғаны рас! Екі жақтың климаты екі түрлі. Онымен қоса, бізге осы аптада өте көп ұшуға тура келді. Бірақ, көп жерде жазып жатқандай, дауысын жоғалтып алған жоқ. Ссырқаттанған кезде, сәл әлсірегені рас. Әлі емделу үстіндеміз.