Соңғы уақытта Ресейлік жобаларда ғана жұмыс істеп жүрген режиссер әрі сценарист Асқар Бисембиннің отандық кинонарықта картиналарын күткен көрермен жетерлік. Алайда Бисембиннің өзі кезекті туындысын жарыққа шығаруға асықпайды. Оған себеп:
Асқар Бисембин, крежиссер, сценарист:
– Енді кино десек, келесі жылға қалатын сияқты. Өйткені қазіргі уақытта енді жазу бірнеше проекттер бар. Соны таңдаудамыз. Таңдағанда енді, жақсы бір комедиялық бовик сияқты болайын деп тұр.
– Өзіңізге жаныңызға қандай жанр жақын?
– Фантастика, ең жақсысы маған фантастика. Сондай бір кино түсірсем, сол профессиядан кетіп қаламын ғой деймін.
«Фантастикамен карьерамды аяқтаймын» деген Бисембиннің режиссерлік мансабына нүкте қоюына себеп бұл ғана емес. Таяуда ғана өмірлік серігін жолықтырған ол, отбасылық өмірге ден қойған.
– енді соңғы уақытта сіз туындыларыңызбен емес, жеке өміріңізді көп жүктеп жатсыз. Жаңа жолдасыңызбен келдіңіз , иә?
Асқар Бисембин, кинорежиссер, сценарист:
– Иә, әне. Кел, кел қасыма.
– Жолдасыңыз шатаспасам кино саласында, иә?
– Жоқ, жаңа проектім. Айжан, жақында үйлендік. Сол енді ең басты осы ғой қазіргі проектіміз, жаңалық. Айжан кинода емес, енді кім біледі, қасымда жүріп продюсер болып кетпесе.
– Қай саладасыз?
Айжан Бисембина, А.Бисембин келіншегі:
– Мен негізі министрлікте істегенмін бірнеше жыл бойы. Қазір үйдемін әзірше.
– Кино алаңда таныстыңыздар ма?
– Жоқ мүлдем кино емес. Әлеуметтік желі деп айтсақ болады.
45 жасында махаббатын жолықтырған режиссер ерекше сезім бағын аралап жүргенін айтады. Тіпті екінші отбасылық өмір жаңа белестерді бағындыруға құштарлық сыйлап, мотивация бергенін жасырмады.
– Орта жаста махаббат кездестірген ол қандай сезім?
Асқар Бисембин, кинорежиссер, сценарист:
– Менде бір стендап идеям бар еді. Соған жазам ғой деймін.
– Жақында демек стендапқа шығасыз ғой?
– Иә, әңгіме көп, сондықтан сол стендаптан шығарамын ғой деймін. Енді көреміз енді достарымыз айтады шықпайсың ба шықпайсың ба айтатын әңгіме көп деп.
Айжан Бисембина, А.Бисембин келіншегі:
– Мен рұқсат беремін айтуға. Өте керемет болады деп ойлаймын.
– Енді стендаперлер әдетте жұбайларын сынап жатады ғой, соған дайынсыз ба?
– Иә, әрине дайынмын.
– Идея айтып тұрасыз, иә?
– Иә
– Сәттілік онда. Күтеміз.