Замира Қазақбайқызы, @zamiraqazaqbaiqyzy:
Біз бүгін атауы да, сюжеттік желісі де өзгеше қойылымға келдік. «Күн сызығы». Комедия жанры іспеттес, бірақ бір шаңырақ астындағы екі жанның жан айқайы. Дәл қазір Айсұлу Әзімбаева мен Асқар Ілиясовтің актерлық дуэтіне куә боламыз!
– Әдетте актерлар мен ойынымды осы кісіге арнадым деп жатады, сізде сондай адам бар ма?
Асқар Ілиясов, актер:
– Ерлер қауымына арнаймын, осы жұмысты, Менің кейіпкерім-есіме, Вернер. Оның сөзінде көптеген маған тиетін тақырыптар көп екен.
Актерлық байланыстың шынайы болғаны соншалық, Асқар мен Айсұлудың ойына қараған жұрт таңданысын жасырмады. Тіпті өмірде де жұп десе таңқалмайсыз. Асқар тек сахнада партнер екені растау мен болды, ал Айсұлу іздеген азаматындағы маңызды қасиеттермен бөлісті.
– Әріптесіңіз Айсұлумен партнер болған қандай ?
– Айсұлу тамаша партнер! Біз Айсұлу екеуміз 2017 жылы «Бизнесмены»- да бір жұпты ойнады, сосын 2021 жылы «Хирургта» ойнадық, енді үшінші біздің жұмысымыз.
Айсұлу Әзімбаева, актриса:
–Менің ойымша махаббат сыйлай білу, әзілге жақын болуы маңызды және бір толқында өзара түсінісу керек деп сайнаймын..
Орыс драматургы Иван Вырыпаевтың бұл шығармасы сәтті таңдалды деп есептейді қойылым режиссері – мәскеулік Дмитрий Гомзяков. Онымен қоймай Алматылық актерлармен жұмыс істеу үлкен ләззат сыйлағанын да жасырмады.
Дмитрий Гомзяков, қоюшы-режиссер:
– Спектакльді жарыққа шығару үшін ұсыныс қай тараптан түсті?
– Бастапқыда ұсыныс Айсұлудың тарапынан түсті. Менде энтузиазммен келістім. Бұл спектакль дер кезінде шыққан актуалды тақырып. Бәрі тамаша болды.
– Осы спектакльмен әлемді аралау гастрольге шығу жоспарда бар ма ?
Айсұлу Әзімбаева, актриса:
– Орыс тілді диаспораға ұсынып көргім келеді. Бәлкім Еуропаға, сосын Қырғыстан мен Өзбекстанға баруға болады.
Бұл спектакль ерекше формасы мен кино проектор арқылы жеткізу әдісімен ұзақ уақыт бойы көрерменнің есінде қалары анық. Себебі туынды жүректің қылын тербейтін сезімдерге толы. Екі жанды татуылықа, түсіністкке, бір-бірін сезінуге шақырады!
Олжас Тоғымбет, актер:
– Өте керемет. Театр жанрындағы үлкен жаңалықтың бірі болды!
Азиз Бейшеналиев, актер:
– Айсұлу мені әрдайым шабыттандырады. Ал Асқар ол талант!
Санжар Мәди, актер:
– Маған өте ұнады. Спектакльде көп нәрсе көрсетт,махаббаттта туралы, ненависть туралы, спойлер айта алмаймын бірақ күшті.