Әнші әрі актер Әсет Есжан алғашқы Ұлттық мюзиклді жарыққа шығармақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ол сахнаға шыққанда ұлттық рухты сезінесіз. Әндері тек шабыт емес, жанға тыныштық сыйлайды. Әсет Есжан 34 жасқа толған туған күнін тыңдарманымен атап өтпек. Ревю ньюс әншінің акустикалық кешінде.

 

Әсет Есжан бастапқыда тыңдарманына сырлы әндердің орындаушысы ретінде танылды. Ал бір жыл бұрын ұлттық өнерімізді насихаттайтын жоба ұйымдастырып, желіде резонанс тудырғаны мәлім. Есімін брендке айналдырып келе жатқан өнер иесі туған күн кешінде тағы бір экслюзивті шоудың тұсауы кесілетінін хабарлад.

Әсет Есжан, әнші актер:

– Шын жүректен туған күніңізбен құттықтаймыз.Биылғы жылға, жаңа жасыңызға қандай жоспарларыңыз бар. Құдай қаласа 2025 жылы 17-қараша үлкен бір дүние көреременге ұсыну жоспарда бар. Оның скелеті жазылып, қанқасы құрылған. Тек сомен айналысып, халыққа ұсынып, бір жылдан кейін көресіздер.

Бір қазақша мюзикл болатын шығар.

Екінші жыл қатарынан туған күнін тыңдарманымен қарсы алған әншінің акустикалық кешіне әнші, композитор Ұшқын Жамалбек пен жастар арасында танымал ARО бой көрсетті. Өнердегі әрі өмірдегі бауырлары өз репертуарларындағы туындыларын орындап, концертке өзіндік леп қосты.

ARO, музыкант:

Мен негізі Әсет ағаға ән бергем. Менің әндерімді орындап жүр. Сол кісіге бұрын берген әнімді жаңашалап дуэт қылып шығарсақ таң қалмаңыздар.

 

Қаныш Сатпаев, Сұлтан Бейбарыс, Мұхтар Әуезов. Жанкүйерлері Әсеттің осындай тарихи тұлғаларды сомдағанын жақсы біледі. Десе де қалың көрерменге «Дәстүрдегі» имам рөлімен таныс. Бірақ актер бұл образдармен шектелмей келер жылы көрерменге тағы бір қырымды танытамын дейді.

Жақында тарихи тұлғаларды көп сомдап кеткен сияқтымын. Ерекше рөл кездессе деп ем. Қысқа дейін шығатын сериралдарда оңбаған адамдардың рөлін сомдаймын.

Концерттің алғашқы бөлімінде репертуарындағы лирикалық әндерді орындады. Кейіннен шабыт сыйлар рухты туындыларға кезек берді. Арасында өміріндегі әсерлі әңгімелерін де бөлісіп үлгерді.

Алуа Дәулетбергенова, Ә.Есжанның жанкүйері:

Осы концерт үшін арнайы Тараздан сабақтан сұранып келдім. Алматыға алғаш келдім.

Білуімізше сіз сүйікті әншіңізге сыйлық ала келдіңіз, көрсетіңізші?

Бір сыйлық дайындағым келді. Онымен қоймай туған күні ғой. Ерекше сый жасағым келді.

Өнер иесі орда бұзар шағында ойға алған барлық жоспарларын іске асырып, қазіргіден де кеңінен танылады деп сенеміз.