Абьюзерлік қарым-қатынас пен сатқындық! НТК арнасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы сериал ұсынады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar

Қайтып келген қыз, қайта шапқан жау жаман. Күйеудің тепкісі мен езгісіне шыда жаным, шыдай түс. Өйткені кеткен қыз, шиеден тысқары. Дәл осы көзқарасты отбасы мен әйелге көрсетілген қорлық жайында НТК арнасы жаңа телехикаяның түсірілімін бастады. Бүгін тәрелке жару рәсіміндеміз.

 

Продюсер Ақылбек Досжанов пен режиссер Дәулет Бекмағамбетов бастаған «BasPro» ұжымы тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы түсіру арқылы қоғамдағы дертпен күрескіміз келеді дейді. Идея авторы Еркебұлан Мырзабек. «Шыда» телехикаясы өмірдегідей шынайы болатынына, халықты бейжай қалдырмайтынына кәміл сенімді.

Ақылбек Досжанов, кинопродюсер:

Көп болып кетті осы дүние зорлық зомбылық. Соны қай жерге апарады, оның нәтижесінде не болады деген мақсатта осы сериалды ойлап таптық. Әрбірде осындай басынан кешіп жатқан адамдар көріп, өздерінің ойларын жиыстырып, ерте қиымсылдап терте дұрыс шешеім қабылдауына көмектеседі деген ойдамын.

Сценариін Абзал Қамбаров пен Бекзат Мырзахметова жазған. Басты рөлді Меруерт Құлсартоваға пен Қуаныш Құдайберген сомдайды.

Меруерт Құлсартова, актриса:

Мен негізі осы жыл дебют жылы деп айта аламын. Бұл да кезекті басты рөлдегі проектім. Бұл «Шыда» сериалында Айша деген кейіпкерді ойнаймын. Күйеуі тарапынан өте бір зорлыққа шыдап жүрген көптеген қиындық көріп жүрген кейіпкер.Негізі өте ауыр тақырыптарды қозғайтын сериал болып тұр.

Ал, Қуаныш Құдайберген үшін бұл кезекті антагонист. Алайда, актер кейіпкері Архаттың жүгі ауырлау екендігін айтады. Тіпті түсірілім барысында абьюзерлік қасиет бойына сіңе жаздаған.

Соңғы уақытта сондай рөлдер бұйырып жатқан сияқты.

Қуаныш Құдайберген, актер:

Осымен 4-ші проект. Енді өзіме ұнайды негізі антоганисттік рөлдер. Өйткені ол жерде актерский ойнайтын дүние көп.

Әріптесіңіз Меруертпен коннект қалай болып жатыр? Жаңағыдай ауыр сахналар эмоцияналды немесе қол көтеретін сахналар қалай жұмыс жасалып жатыр?

Аяп жатқан жоқпын. Өйткені эмоциямды шығарып алуым керек деп ше. Әрине енді, кинода барлығын бір жұмыс істесең, жаныңды салып істеу керек қой.

«Жанымды салып ойнадым» деген Құдайбергентегі тіпті кей сахналарда Меруертке шындап зақым келтіріп алғанын айтады.

Қуаныш Құдайберген, актер:

Қиын сахналар болды. Ұрып-соғатын эмоциялық сахналар өте қиын сахналар ғой негізі. Шаршап қаласың. Кейде уже кешке дейін түсіргеннен кейін кешке миға текст те кірмейді.

Сюжет желісі бойынша Айша күйеуі Архаттың тарапынан жасалатын зорлыққа шыдап, отбасындағы мәселесін ешкімге тіс жармайды. Алайда оның құрбысы Жанна жақындарына жеткізіп, жағдайды шиеленістіріп жібереді. Ол рөлді Альмира Ысқақова сомдайды. Актриса кезекті жағымсыз кейіпкері ерекше таңдандырғанын жасырмады.

Альмира Ысқақова, актриса:

Мен түсіп жатып сұрап жатырмын, мынадай қыздар бола ма өмірде деп. Өйткені рөлі өте жаман. Былай атйқанда разлучяница, өтірік подруга. Сондай жаман рөл.

«Шыда» телехикаясын бүгіннен бастап жұмыс күндері НТК арнасында кешкі сағат 17:10-да көре аласыздар.