Замира Қазақбайқызы, @zamiraqazaqbaiqyzy
Бейнатыс Әуен авторы!
Біз бүгін әйгілі каверлер мен халық әндерін жаңа интерпретацияда шырқайтын ARO-ның соло концертіндеміз! Оның шығармашылығында алғашқы ауқымды кеш аншлагпен өтті! Лайв бэндпен жанды дауыста тыңдарманмен қосыла ән шырқаған артист өзіне толыққанды ашылуға еркіндік берді.
АRO репертуарындағы әр әнді жары Толқынға арнайтыны көпшілікке мәлім. Тіпті музыкант желідегі лақап атын «New wave» деп атап, жарының құрметіне арнаған еді. Алайда Арман уақыт өте келе оны да ауыстырып жіберді. Себебі:
ARO, музыкант:
– «New wave» деген парақшаны өзімнің фан клубыма сыйладым. Ал бүгінгі әндерімнің жартысы Толқынға арналды негізі…
– Ал енді біз аренада тыңдармандарыңызды күтеміз, қашан аренаға шығамыз?
– Аренада болады, Республика сарайы да болады, барлығы болады. Бастысы өнерімізге адалмыз!
АRO-ның концертінде басты хэдлайнер- Әсет Есжан және «Qazaqsha therapy» ұжымы болды. Қос тарап бірігіп ерекше коллаборация ұсынды. Ұлттық өнерді заман талабына сай ұсынып жүрген құрамның АRO-ның фиті келген қонақтарға күтпеген эмоциялық таңданыс сыйлады. Бұл идеяны жүзеге асыруға түрткі болған Арманның өзі екен.
ARO, музыкант:
– Өзіміздің идеямыз ол кісіге осындай ұсыныс жасадым, келісе қалды , жадырап кетті
Әсет Есжан, актер, «Qazaqsha therapy» жобасының авторы:
– Ароның аудиториясына өнімді ұсынып көру қызық болды мен үшін, олар қабылдай ма деген сияқты. Нәтижесін өзің көрдің жаңа, шын айтайын мен таңқалдым, жастардың біздің дәстүрлі музыканы тыңдамайды дейді ғой, бізден екен. Біз ұсынайық оларға қажетті қылып, тыңдайды. Ақсисаны, Қыздар-айды бірге айтып тұрғой жаңа.
Кеште ARO-ның шығармашылығын қолдаушы әріптестерінің қатарынан dudeontheguitar, Қажымұрат Шешенқұл өнер көрсетті. Ал афишада жарияланған, көрермен күткен артист – Аршат Хайролла концертке келмеді
ARO, музыкант:
– Аршат бүгін келуі керек еді, шұғыл шаруалары шығып келе алмай қалды өкінішке орай. Ештеңе етпейді, келесі концерт те болар бәлкім.
Данияр Алшынов, актер:
– Кеш қалай болып жатыр?
– Примерно осындай кеш қой! ARO негізі өте мықты, қазақи әнші , мәдениетті. Маған өте қатты ұнайды әнші ретінде де, адам ретінде де.
– Cанұржан бүкіл кештерде жүресің, ARO-ны қашаннан бері тыңдайсың?
Санұржан Сүлейменов, актер:
– Жаңа толқын әншілерінен ең қатты ұнайтыны шынайылық, еркіндік. Оның артында өте орынды жауапкершіліктері бар. жас әншілерде сол бар.
Замира Қазақбайқызы, @zamiraqazaqbaiqyzy
Әрбір әнді ерекше мәнермен жеткізетін феномен музыкант бүгін тыңдармандарына ұмытылмас сезімдер сыйлады.