Damelya Sweet «Face of Asia» статуэткасын жеңіп алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Damelya Sweet, блогер:

- Дайындығыңыз жүріп жатыр ма?

- Дайындалып жатырмыз, бізде look дайындалып жатыр үш бренд болады бұйырса. Made in Kazakhstan міндетті түрде, Made in Kazakhstan-ды көрсетеміз, өзімізді. Бұйырса статуэтканы әкелеміз.

Бұл Дәмелі сұлудың бізге 2 ай бұрын берген сұқбаты. Блогер әрі инфлюенсер еліміздің көк байрағы биіктен желбіреуі үшін барын салатынын айтқан-ды. Берген уәде орындалды.

Дәмелі байқауға «ARUNAZ» брендінің look-тарын дайындаған. Ұлттық колоритті қосуға тырыстық дейді блогердің өзі. Алайда мұндай мәртебе бұйырғанына бикеш әлі күнге дейін сене алар емес. Тіпті жеңіс тұғырынан көрініп, ел атын асқақтату мүмкіндігі туарын күтпеген көрінеді.

Damelya Sweet, блогер:

- Негізі күтпедім, бірақ ұсыныс келді «Дамелия готова ли ты представить?» деп, «Егер жеңіске жетсем ғана барамын және жеңуге тырысамын». Ең басты «Face of Asia»-ның статуэтканы әкеліп мына жерге көрсетіп тырысамын деп айтқам.