Eurasion Fashion Week 2024 несімен ерекшеленбек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:

- Білесіз бе, EFW әр маусымы бір-біріне ұқсамайды. Биылғы тақырыптың өзі ерекше. Сұлулық әлемді құтқарады демей ме? Ал сұлулық ол – әйел.

EFWдің бренд-амбассадорларының тізімінен актриса Асель Асқар, сәнгер Ольга Ким, блогер Вероника Тенді байқадық. «Басты мақсат түрлі саладағы нәзік жандыларды көрсетіп, сән мен қоғамның болашағын қалыптастырудағы әйелдердің маңызына назар аударту»,-дейді ұйымдастырушылар. Ал фэшн уиктің басты бейнесі кореялық Dior. Тақырып әйелдерге арналғанымен таңдаудың Ю Джинге түсуін продюсерлер былай түсіндірді.

Ирина Байжанова, EFW бас продюсері

- Вижуал да осы тақырып бойынша түсірілді. Әйелдер біздің ғаламшарға келіп, әлемге әсемдік сыйлайды. Феминизмді жалау етпеу үшін жолнұсқаушы ретінде шығармашылығы баршаға таныс ер адамды, яғни Ю Джинді таңдадық. Жақын күндері кинотеатрлар мен қаладағы билбордтардан көре аласыздар.

Биыл фэшн индустриядағы басты жобаның әлеуметтік маңызы жоғары. Себебі сән апталығы аясында Қазақстандағы Ауғанстандық арулар да өз коллекциясын ұсынады. БҰҰ, Eurasion Fashion Week ұжымы күш біріктіріп, мигранттарға өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік сыйлады.

Хума Сидикий, жобаның қатысушысы:

- Миграция бойынша халықаралық ұйым мен Eurasion Fashion Week арқасында біз бренд жасауды, киім тігуді үйрендік. Қазір Фэшн уик те көрсетілімі өтетін киімдерді дайындап жатырмыз. Тігіннен бөлек, қаржы, копирайт, смм, кәсіпкерлік сияқты бірнеше сала бойынша білім алдық. Осы жобаға атсалысқан барлық адамдар мен ұйымдарға алғысымыз шексіз.

Бұл ғана емес, жоба аясында жас дизайнерлер өз коллекциясын ұсынып, сән әлемінің шеберлерімен тәжірибе алмаса алады. Ал kids week аясында онкологиялық ауруға шалдыққан кішкентайлар сән көрсетеді. «Мұндай бастама бүлдіршіндердің басқада балалармен бірдей екенін сезінуге мүмкіндік сыйлайды»,- дейді мамандар.

Медиа бранчта биылғы маусымның ерекшелігі мен әлеуметтік маңызы сөз болды. Талқылаудан соң жылдың басты тренді, стиль мен сұлулықтан сыр шертетін апталық қараша айының 13-і басталатынын хабарлап, ұйымдастырушылар сән әлеміне қызығатын барша жұртшылықты шақыратын мәлімдеді.