Замира Қазақбайқызы, @zamiraqazaqbaiqyzy:
- Оның әрбір әнінде терең ой бар. Ішкі бұлқынысын ашық жеткізетін эмпат Артист - Jeltoksan. Бүгін кітапсүйер қауымға акустикалық кеш ұсынбақ!
50-ден аса ән, 2 альбом, 2 саундтрек, тіпті театр кеңістігінде де спектакльге шығарма жазып, композиторлық қырын танытып үлгерген өнерпаз келесі қадамым: «үлкен масштабқа шығу, әлеуметтік желілерімді қолға алу», - дейді.
Jeltoksan, музыкант:
- Келесі қадам негізі осыны жалғастыра бергім келеді. Бірақ масштабтарды ұлғайта бергім келеді. Сондықтан бәрін тазалап алдағы уақытта жаңа материалға кеңістік дайындап жатырмыз десем болады. Біз музыка арқылы коммуникация жасағанды жақсы көремін негізінде, музыканы алдағы уақытта шығарамын бірақ инстаграмды жүргіземін деп нақты айта алмаймын. Бірақ музыканы алдағы уақытта көбірек шығарамын.
Айта кетейік, қайырымдылық кештерден қалмайтын артист бұл жолы әндерін кітапсүйер қауымға арнады. Жас та болса ілім-білімнен кенде емес екенін көрсеткен өнер иесі өзінің сүйікті кітабымен де бөлісті.
- Қазір «Жабайы алма» деген кітап оқып жатырмын.
Мен Хемингуейді жақсы көремін, «Праздник который всегда с тобой» деген кітап бар соны жақсы көремін. Оқу керек, стилистикалық тұрғыда өте әдемі жазылған кітап.
Алдағы жылға дайындығы қарқынды әнші, кино саласында да саунтрек жазуға ұсыныстар болса бас тартпайтынын айтты. Ал жарыққа шыққан әндерін қолданған жағдайда рұқсат сұрағандары абзал,-дейді. Себебі:
Jeltoksan, музыкант:
- Ақысы жағынан келісімге келе алмай қаламыз. Негізі ашықпын шын айтсам, бірақ сұрау мәнеріне байланысты адамдардың. Кейбір адамдар нагло сұрайды, саған бір қызмет жасап жатқандай, ондай қарым-қатынас болмау керек деп ойлаймын.
Тосынсыйларға толы кеште, кездейсоқ көрермен қатарынан табылған әнші Monro-ны да байқап қалдық. Айтуынша әріптесіне қолдау көрсетіп келіпті.
Monro, әнші:
Күйеуім көріп қалды, Jeltoksan-ның концертіне болады екен деп... Қолдау білдіру үшін келдім. Ол Алматыға күнде келе бермейді ғой, көрген сайын қуанып қаламыз.
- Енді өзіңіздің жеке концерт қашан? Қашан тыңдарман Монроның жеке ән-кешіне келеді ?
Рахмет көп, көңіліңізге! 2025 жылға туған күнімен орай жеке концертімді дайындаймын.
Кеш жеңіл вайбта, әсерлі нотада өтті. Әнші-музыкант өз тыңдарманымен қосыла ән шырқап, тілдесіп те үлгерді. Jeltoksan-ның фанаттарымен де сұқбаттастық:
Jeltoksan-ды 3-4 жылдан бері тыңдаймын. Әндерінің сөздері ерекше, еркіндік сыйлайды.
Сүйіктім, кейде менің ғаламшарым
Өшіріп бүкіл шамдарын
Алыстайды күн жүйесінен,
Сырғып қараңғылықпен...
Jeltoksan-ның жеке ән кеші болса міндетті түрде келеміз!У-у-у!