- Жақында өте қуанышты отбасылық жағдай әке атандыңыз. Қандай сезім?
ALEM, «Ninety One» тобының мембері:
- Әке болған тамаша. Ең бірінші түсінгенім жалпы әйел адамзат сіздер ғажапсыздар, сіздер таңғажайып кереметсіздер. Сондықтан мың есе сіздерді құрметтеймін, мың есе жақсы көремін.
- Ал босану барысында жолдасыңыздың жанында болу ол әуелден келісілген жағдай ма?
- Иә, о бастан өзім болғым келді. Бұл байланыс қой әйел адаммен жалпы махаббатыңмен байланыс және ол баламен байланыс. Оны көрмесем мен бұрынғыша ойлап жүруші едім, ей барып туып келеді енді, иә деген сияқты.
Күні кеше Батырхан мен Вероника ұлын қырқынан шығарды. Сәбидің есімін жариялап, түрін көрсетіп оқырманымен таныстыруды да ұмытпады. Нәрестенің аты – Тай.
- Көз тию дегендерге сенбейсіздер ме? Бар ғой енді әдетте қазақтарда?
ALEM, «Ninety One» тобының мембері:
- Сенемін, сенгенмен де қатты сене берсең онда не көрсетемін? Міндетті түрде көрсету керек қой.
- Иглз күтіп жүр, иә?
- Ия, ол енді бала ғой кішкентай, оны көрсеткеннен бәрі бүйтіп әә деп көз тиіп, неғып кетпейтін шығар енді. Бәрі көргенде «тфай-тфай» деп тұрсаңыздар болды.
Еске салсақ, Батырхан алғаш әке боларын сүйіншілеп «Дайынбыз ба?» трегі арқылы жариялаған болатын. Небәрі қырық күндік сәби -Тай, Батыр әкесін тағы да жаңа әнге шабыттандырған көрінеді.
- Баланы көргеннен кейін жаңа бір шығарма туған жоқ па өзіңізде?
- Туып тұр, әне-міне деп. Сол қазір қазан ғой иә, қарашаның ортасында шығады. Нақты.
- Кімге ұқсайды?
- Маған әрине. Жүз пайыз маған. Менің әкеме ұқсайды. Білмеймін енем сөйтіп айтады.
- Бауы берік болсын тағы да
-Рақмет.