Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
Ол жаны нәзік әнші, табиғаты бөлек актриса, талғамы ерек дизайнер. Бір бойына бірталай қасиетті тоғыстырған – Айжұлдыз Адайбекованың туған күніндеміз!
Жаны жаңашылдыққа жақын Айжұлдыз туған күн кешін жыл сайын түрлі тематикада ұйымдастырады. Биылғы party мәзірімен ерекшеленді.
Birthday partyде шоу-биз саңлақтары да, желі жұлдыздары да бой көрсетті. Туған күн иесіне құшақ-құшақ гүл, бренд киім мен әшекейлер сыйға тартты. Ал сүйіктісі Сәкен Қағаров Айжұлдызға ерекше тосын сый дайындаған.
Сәкен Қағаров, travel блогер:
- Айжұлдызға бірнеше елге саяхатқа жолдама сыйладым. Екі-үш күннен кейін кетеміз. Барлығын инстаграмнан көре аласыздар. Алдымен Лондонға, сосын Исландияға барамыз. Ол жақта оны тосын сый күтіп тұр.
Айжұлдызды халыққа кеңінен танытқан әлеужелі. Ізденімпаздығымен талай қыздарға үлгі болып, дамуға бағытталған курстар өткізді. Кейіннен креативке толы видеоларымен таңғалдырды. Сән әлеміндегі батыл образдары тағы бар. Ал бір жыл бұрын актриса театр сахнасында дебют жасады. Джулидің өзі: 29 жасымда «осы мансабымды дамытамын», - деп білек-сыбана дайын отыр.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Жоспар актерлық карьерама байланысты. Мен кәдімгідей жеңімді қайырып еңбек етейін деп көптеген проекттер алдыда көп. Хоррор фильмге ұсыныстар көп. Менің жаным өте қиын, адам ойнағысы келмейтін ролдерді талап талап етеді.
Айжұлдыз тура бір жыл бұрын, туған күн кешінде бізге берген сұхбатында өзіне не тілейтінін айтқан-ды:
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Жаңа жасынан жаңа биіктерді, жақсы нәтижелерді, бақытты болуымды, өзім жақсы көретін адаммен қосылуды тілеймін.
Қалауы орындалды. Жеке өміріне қатысты ендігі арманы мынадай:
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Отбасылық үлкен бақыт - мүмкін тағы бөпелі болармын. Кім біледі. Қалай бұйырады, солай күтеміз. Негізі сіздер білмейтін көп нарсе болды. Қазір сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі өзі дайын болғанда, рұқсатын бергенде мен де дайын боламын. Себебі тіл бар, көз бар дегендей көп нарсені жарыққа шығарған жоқпыз.
Кештің шымылдығын ашқан Жанар Айжанова қызына ғана емес, күйеу баласына да жылы лебізін жеткізді. Айжұлдыз қандай шешім қабылдаса да қолдаймын,-дейді.
Жанар Айжанова, әнші:
- Мен Айжұлдыз не ойласа да, қандай шешім қабылдаса да дайынмын. 18дегі қыз емес. Өміріне араласпаймын. Ешқашан қызыма жоқ деп айтқан жоқпын. Сәкен өте сыпайы бала. Мен Айжұлдыздың көзінен көремін. Өзінің бақытын тапқан адамның көзінде қуаныштың, шаттықтың нұры болады. Маған бастысы екеуінің бақыт болып, ұрыспай керіспей, осы сыйластығы ұзағынан болса қалғанының бәрі орынына келеді.