ARGONYA ҚАЗІР ҚАЙДА ЖҮР?

Сообщить о проблеме с эфиром

Арғын осыдан 5 жыл бұрын Аргоня боп таныла бастады. Алғашқы синглдары: «Түн», «Қас қабақ» және Төреғали Төреәлімен жазған «Соған қарап» фиті. Бірақ әртіске кең танымалдық әкелген Қайрат Нұртаспен жасаған «Маскүнем» коллабы.

Аудиовизуалдың ютуб хостингіне жүктелгеніе 4 жылға жуықтаған. Тыңдалымы 31 миллионнан асады. Шапалақты қаспен ұрғызып, жұртты бір шулатқан қос өнерпаз бүгінде сирек бас қосады. Қайратпен қоян-қолтық араласудан қалған. Араларынан қара мысық өткен,-деген жұрттың еспе сөздеріне, әнші былай жауап қатты:

Argonya, әнші:

– Так... Соңғы рет 1-2 ай бұрын. Тоже бір іс-шарада кездесіп қалдық екеуіміз. О, қалың қалай?,-деп бір-бірімізді құшақтап, амандасып, қал-жағдай білісіп алдық. Бірақ одан кейін көп болды көріспегелі.

Бірнеше жыл бұрын әншілер үшін Аргонямен фит жазу жетістік еді. Қазір коллабтар сиреген. Тіпті жоқтың қасы. Бірақ әртіс музыкасын тастамаған. Тек мені музам тәрк еткендей,-дейді.

Argonya, әнші:

– Білмеймін. Может я перегорел или что. Бір шоқ таба алмай тұрмын ба? Болады ғой өзі, когда искра короче. Шабыт. По разному можно называть. Но бір осындай ой болмай тұр пока, особо қызықты.

Қызуқанды, шығармашыл әнші, жеке өмірі жайлы да айтты. Бір қызығы, бір ұл, бір қыздың әкесі: басым бос,-деп күтпеген мәлімдеме жасады.

Argonya, әнші:

–В основном енді әр адамның іздейтіні, өзінің половинкасы ғой. Осы менің половинкам-ау деп ойлап қалған кезде кетеді короче... Қазір енді без своей половинки короче. Пока я свободен. Так что девчата звоните!

Аргоняны бүгінде түрлі тусовкалар мен патилерден сирек көреміз. Өнер иесінің өзі де қызылды-жасылды өмірден алшақтағанын айтады. Бәлкім, шоу-бизнестен көңілі қалған шығар?

Argonya, әнші:

– Жоқ, не үшін көңілім қалады? Менің өмірім осы ғой короче. Ренжіп жүргендер бар шығар енді. Білмеймін, не үшін ренжігенін. Бірақ мені ренжіткен ешкім жоқ.