«Рэкетир» - Ақан Сатаевтың ең алғашқы фильмі. Осыдан 17 жыл бұрын режиссердың бағын ашқан криминалды драма заманында кассасымен де топ жарған болатын. Алайда лента екінші бөлімнен кейін ұзақ уақыт паузаға қойылды.
Ақан Сатаев, режиссер, кинопродюсер:
- Негізі біздер екінші бөлімін түсірген кезде, үшінші бөлімі ойда жүрді. Жаңа көргендей мысалы біздер жаңағы Асылханды бір сахна болса да, түсіріп үлгердік екінші бөлімінде. Бұл жолы біздер жалпы ой, екінші бөлімнен кейін оны ойластырып жалғасын жасаймыз деген ниет болды.
Ақан Сатаев режиссер ғана емес, өзі кинопродюсер. Оған қоса «Рэкетир» фильмнің жұлдызы Саят Исембаев та демеушілер қатарына қосылған. Серіктестер жобаның жалғасын таспаламаққа бекініп, жыл басында шарт жасасқан.
Ақан Сатаев, режиссер, кинопродюсер:
- Саяттың бар бірақ та қатысы бар продюсерлікке бұл жобаға және біздің бір екі үш кәсіпкер жігіттеріміз қол ұшын беріп көмектесіп жатқан. Жалпылама қаражат бәрі сол кісілерден.
Бұрыңғы каст құрамынан Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Сәкен Аминов, Бауыржан Абишев қалса, жаңадан Рауан Ахмедов қосылған.
Саят Исембаев, актер:
– Бұл жобаға мен саналы түрде дайындықпен келдім. Әсіресе дене бітімімді өгерту қажет болды. Маған ол үшін жарты жыл уақыт берілді, арықтадым, артық салмақ тастадым. Кейіпкеріме сай болуым маңызды еді.
Триквел сюжеті Жанның өлімінен соң Саян жазасын өтеп, түрмеден шығуынан бастау алады. Ал оны бостандықта кек алу үшін Жанның ұлы Абылай күтіп алмақ. Бұл образ – Асылхан Төлеповке тиесілі. .
Асылхан Төлепов, актер:
- Ұсыныс 2014 жылы түскен, екінші бөлімінде бір кішкентай эпизодта түскенмін содан жалғысы болатын сол кезде, кейін 2-3 жыл өтті сосын болмайтын шығар деп жүріп биыл жылдың басында хабарласқан қуанып кеттім. Былай қарағанда таза 10 жыл күтіппіз бұл жобаны.
Асылхан Төлепов, актер:
- Мен бұған дейін дәл осы фильмге дайындалғандай ешқандай проектке дайындалып көрмеппін. Ақан ағамен былайша айтқанда бұл менің алтыншы жобам деп айтсам болады. Осы фильмге дайындық кезінде маған екі үлкен жоба түсті, мен айттым ұсыныс «Рэкетир» фильмінен кейін шықса ғана түсемін дедім.
Гайдар Гильманов, актер:
– «Рэкетир» жобасымен өскен ұрпақ көп. Рейтингке, сұранысқа қарағанда бұл фильмдегі тақырып әлі де актульды. Менің ойымша, қазіргі заманауи көрерменге де туынды ұнайтын сияқты.
Ақан Сатаев жобаны жүзуге асыруға жанұясымен бірге кіріскен. Себебі жобаның атқарушы продюсерлері режиссердың қосы қызы: Айиша мен Марйам.
Марйам Сатай, атқарушы продюсер:
- Негізі осы жобаға неожиданно кірдім, менің әкем өзі айтқан егер менің өзімнің қыздарым продюсер болса маған өте будет приятно.
Ақан Сатаев, режиссер, кинопродюсер:
- Мен оларға да қол ұшын беріп қазір көмектесемін. Олар Аллаға шүкір, қазір өздерінің орнында жұмыстарын атқарып жатыр. Ең бастысы олар бүкіл жан тәнін салып маған көмектесуде. Мен үшін ол құнсыз дүние.
Марйам Сатай «Рэкетир 3» жобасы басталғанда өзінің аяғы ауыр екенін білген. Актриса тіпті жүктіліктің алты айлығына жеткеніне қарамастан түсірілім алаңында шауып жүр. «Арасында жылап алатын кездерім де болды» , - дейді ол.
Марйам Сатай, атқарушы продюсер:
-Шыны керек атқарушы продюсер болған оңай емес екен. Түсірілім барысында күтпеген форс-мажор өте көп болды. Осы орайда түсіністік танытып, бізге қолдау білдірген әкеме алғыс білдіремін.
Ал «Рэкетир - 3» криминалды драмасының релизі – жаңа жыл қарсаңына жоспарланып отыр.