Фархад Шәріпов, режиссер:
– Фильм - махаббат жайлы. Туынды адамдар бірін-бірі жақсы көре алатынын дәлелдейді. Өзім сценарий авторымын. Оны 1,5 жыл жаздым.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
- Маған Фархадтың жұмыстары өте ұнайды, оның бірінші жұмыстары ол «Рассказ о розовом зайце». Кезінде кассаларды қойып тастаған кинолар.
Мюзиклде еліміздің танымал жұлдыздары камео ретінде эпизодтарда бой көрсетеді.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
- Өміріде режиссер болсақ та, өзімізді ойнап шықтық бұл кинода. Мәлік Зеңгер бар екеуміз бірге ойнап режиссерды ойнағанбыз.
Мәлік Зеңгер, режиссер:
- Басында мені Фара актер қылып шақырды 5-6 күнге шақырды. Бұл киноның өзінің тілі бар, кино тілі. Сол авторлық киноның тілі, кішкене болғанда да күрделірек, қиынырақ. Ол енді дайындалмаған адамға қиын қатты.
Ал бас кейіпкер – дебютант. Жас актер Кемеңгер Оралов образға дайындалып, 7 ай бойы вокал мен хореографиядан дәріс алған. Ол - арман қуып Алматыға келетін Бейбіт есімді талантты әншінің рөлін сомдайды.
Кемеңгер Оралов, актер:
- Шыны керек иә бимен өте көп айналыстым. 7 ай бойы мен стабильно бимен айналыстым, таңертеңнен кешке дейін, мен хип-хоппен айналыстым, мен контентпен айналыстым, мен степпен айналыстым, мен ритмически сабақтардан өттім. Фильм жақсы шығуы үшін барымды салдым.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
- Енді қазір бұдан сұрап жатыр сыбыстар бар Батыр ма бұл главный рөлдегі, Батыр емес пе деп, соны қазір көреміз.
Мюзикл «A-Studio» тобының әндеріне негізделгенімен, ұжым мүшелері бой көрсетпейді. Бұған қоса, бас кейіпкерді Батырхан Шүкенов деп күткендер де болды. Бірақ туынды көпшілік ойлағандай байопик емес.
Кемеңгер Оралов, актер:
- Бұған дейін тек «Джулия», «Нелюбимая» деген әндерді тыңдадық қой енді. Батырдың «А-Студиодан» бөлек әндерін, бұл проекттен кейін маған «А-Студионың» осы фильмдегі орындалған әндерді маған әр кезде ассосация қылады.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
- Өзім кабакта 5 жылдай, 7 жылдай өлең айттым. Сол кезде Батырхан Шүкеновтың, «А-Студионың» әндерін айтатынбыз. Сол әндердің арқасында 500-1000 теңгеден ақша табатынбыз.
Кемеңгер Оралов, актер:
- Әндерді тыңдаған кезде может мен әнші шығармын деген сияқты ойлар келеді.
2 сағатқа созылған мюзикл арнайы халықаралық кинофестивальдердің талаптарына сай таспаланған. Жоба авторларының мақсаты – А санатты бәйгелерге қосу.
– Әлемдік премьера Пусанда өтеді. 6-шы қазан күні қатар 3 көрсетілім өткіземіз. Одан кейін халықаралық кинофестивальдерге жолдама аламыз деген ниет бар.