Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Айгүл Иманбаева енді кинопродюсер! Бір қызығы, туынды абсурдтық комедия жанрындағы алғашқы қазақстандық фильм! Бүгін лентаның жабық көрсетіліміндеміз!
Айгүл Иманбаева, әнші, кинопродюсер:
- Кинопродюсер болған қалай екен?
- Өте қиын..
- Ұлыңыз өзі қолдау сұрады ма әлде сіз жанашырлық танытып өзіңіз ұсындыңыз ба?
- Алғашқы қолтығына су бүрку керек қой маған ана ретінде, профессионал ретінде. Сол себепті кіріп кеттім енді.
Асылжан Әбдімүтәліп, режиссер:
- Неге абсурдтық комедия?
- Енді абсурдтық комедия дегенде, комедия ғой. Просто комедия жанрының қолынан көп нәрсе келеді деп айтқымыз келді.
Асылжан Әбдімүтәліп, режиссер:
- Бір қызығы бір отбасылық фильм болған сияқты. Анаңыз ген продюсер, әйеліңіз де жүгіріп жүр, әкеңіздің идеясы деген сияқты.
- Менің әйелім осы кино саласында жұмыс жасайды ғой. Өзім айттым. Осылай жасайық давайте, клан болайық деп.
Жемқорлық, махаббат және адалдық! Бұл «Көке» фильмінде қозғалатын тақырыптар тізімі. Лента авторлары – комедияның өзге бағытын жасаған. Астарлы әзіл әрбір көрерменнің жанды жерін жанып өтеді дейді. Ал идея Айгүл Иманбаеваның бұрынғы күйеуі, Асылжанның әкесі - Сәбит Әбдіқалықовқа тиесілі.
Сәбит Әбдіқалықов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Бұл енді сатиралық комедия. Ойлы комедия, айтар ойы бар. Хахалап күлу емес, ызыланып күлу.
- Идея сізге тиесілі екен, қашан келді қалай келді?
- Былтыр мен пъесса жазғанмын. Театрлар қойып жатыр ол пъессаны. Бірақ балам оны 70 пайызын өзгертіп, кино бағытында алып шықты.
Бір қызығы, таяуда ғана екінші мәрте тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева «Көке» комедиясына енесін түсірген. Премьерада екінші анасын көпке таныстырды.
Айгүл Иманбаева, әнші, кинопродюсер:
- «Айгүл» ансамблінің бірінші составында ән айтқан әнші - Ақжан Жайсаңбаева, ол кісі өнердің төл адамы болғандықтан осы ойнауда ән салуда қиынға соққан жоқ.
- Сіз тек эпизодта ойнапсыз ғой?
- Өйткені баламның бар берген рөлі сол болды. «Мама сен ақша тап, саған эпизод жетеді. Главный рөлді Баянға беремін», - деді.
- Ооо, өте керемет.
- Өйткені арнайы бұл сценарий Дулыға мен Баянға арналып жазылған.
Дулыға Ақмолда, ҚР Халық әртісі:
- Жалпы маған Асылжанның осындай жанрда қалғанына настойчиво кәдімгі өзінің ойында қалғаны сонысы ұнады маған.
Дулыға Ақмолда рөлі үшін имиджін өзгерткен. Актер: «өмірімде алғаш рет жасанды шаш жалғап көрдім», - дейді.
Дулыға Ақмолда, ҚР Халық әртісі:
- Мен 5 күн осы съемкада сол шашпен жүрдім, мен 5 күн ұйықтаған жоқпын деуге де болады.
Асылжан Әбдімүтәліп, режиссер:
- Ал мықты кастты қалай жинадыңыздар?
- Бұл жерде анамның абыройы ғой. Өнер ортасындағы өз ортасындағы абыройы.
- Өзіңіздің тырнақалды туындыңызға шетелдегі алған біліміңізді тәжірбиеңізді салдыңыз ба әлде қазақи менталиттеті де ойладыңыз ба?
- Аралас. Технический жағынан кішкене бар өзім Чехияда, Прагада оқыған.
Сафуан Шаймерденов, актер:
- Мені қызықтырған басты темасы ең басты оқиға. Жалпы тема не туралы. Бірақ оны мен қазір айтпаймын не туралы екенін, көрермен өздері көру керек.
Асылжан Әбдімүтәліп, режиссер:
- Негізі бұл фильм жаназа туралы ғой. Комедия жаназа туралы. Адамның өлімі туралы комедия, енді дальше ойлана бересіздер ғой өздеріңіз.
Жанар Айжанова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Қандай әсер алдыңыз кинодан?
- Негізі ешқандай күлкілі емес. Бірін-бірі жеген, бірін-бірі аямаған, ең соңында өкінген, өкінгенген не пайда. Асылжан жаста болса өзінің фантазиясыменен барынша берді.
Әден Марғұлан, блогер, продюсер:
- Мен жалпы білген жоқпын абсурдтық комедия екенін, басында айтқан кезде де мен түсінбей отырдым абсурдтық комедия қандай болатынын, соңында біткен кезде аааа осындай екен ғой деп шықтым мен ше.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Тың жанрда таспалаған абсурдтық комедия жайлы жұлдызды қонақтардың пікірін тыңдадық. Ал қарапайым көреременнің көзқарасы қалай болмақ? Кинотеатрлардағы айналым аяқталған соң білетін боламыз.