Ахмет Үсербек жеке кешіне 5 жыл дайындалған. Концерттік бағдарламаны тыңғылықты әзірлеп, билет сатылымын да жоспарлы мерзімнен бұрын ашқан.
Akha, әнші:
- Ойланып қарасам Аллахтың қалауымен осы күні алдыңғы жылы мен келіншегімді үйге алып кеткен болатынмын ұзатып және де осы күні қайынатамның туған күні, плюс менің жеке концертім. Барлық праздник бір күнге кеп қалды десек те болады.
Музыкантты қолдағандар қатарында Ахметтің қайын жұрты және туған күн иесі - қайынатасы да болды. Аишканың туыстары жұлдызды күйеубаласының әрбір жетістігіне қуанып, концерттерінен қалмауға тырысады екен.
Akha, әнші:
- Әлі үйреніп жатырмын, күйеу болу оңай емес екен. Үйлену оңай, үй болу қиын деген рас. Көп нәрселерді өзім де үйреніп жатырмын. Көп нәрсені әйелім үйреніп жатыр жұбайым, так что бұл тек мектеп деп ойлаймын.
Aishka Adi, Akha-ның келіншегі, блогер:
- Вотсапта отбасылық чатымыз бар. Әкем Аханың әндері мен клиптерін кафелерде естіп, көріп қалса, міндетті түрде түсіріп алып бізге жіберіп отырады. Отбасым оның шығармашылығын жақсы көреді.
Аханың лирикаға толы тректерінің басым бөлігі Аишкаға арналғанын тыңдарман жақсы біледі. Бүгін де әдетінен таймай, Ахмет сүйіктісіне сезім білдіруден шаршамады. Көпшілік те блогер аруға ерекше назар аударып, суретке түсуге кезекке тұрып жатты.
Aishka Adi, Akha-ның келіншегі, блогер:
- Мен үнемі оны қолдап жанынан табылғым келеді. Аханың басты тыңдарманы, жанкүйерімін.
Еске салсақ, Алматылық Ахмет жұртшылыққа 2017 жылы «Принцесса» трегімен танылған болатын. Ал, соңғы шыққан «Закрывай глаза», «Моя любовь» және «Набери» синглдары тыңдарман жүрегіне дөп тиді.
Музыкант жыл басында ана тілінде «Неге маған қарайсың» әні мен мини альбомын шығарған болатын. Алайда кеш барысында ЕР жинаққа енген 5 тректің тек біреуі ғана орындалды. Әнші алдағы уақытта қазақша синлдар жазуға уәде берді.
Akha, әнші:
- Менен сұрады «Ояу» шыққаннан кейін, бірақ ол альбом ыңғайсыз уақытта шығып қалды да, өйткені барлық инфополе басқа нәрселермен занят болып қалды. Сол секілді кешіріңіздер, бірақ альбом бар қазақша өлең жазамын.
Махаббатқа толы концерт тізгінін басқару Дәулет Исраилға бұйырды.
Дәулет Исраил, «OZMZ GOI» бағдарламасының жүргізушісі:
- Тыңдарманның көп бөлігі орыстілді болғандықтан, енді әндері көбісі орыс тілінде ғой, сол себепті де 70 пайыз орысша жүргіздім, 30пайыз қазақша жүргіздім. Қызық күшті опыт.
Сондай-ақ, Jaman T де «Красивая», «Скучаю» және «Пару минут» тректерін орындады. Еске салсақ, Akha мен Jaman T Jah Khalib-тің лейблында өнер көрсетеді.
Jaman T, музыкант:
- Үш өлеңім бар еді. Соны айттым, по таймингу солай болып қалды. Но у меня будет сольник, сол жерге келсе адамдар будет по больше песен.
Кеште Таир Сахиевтен бөлек бетперде киген Амурский атты музыкант да болды. Келген тыңдарман жауынға қарамастан Ахметтің барлық хиттерін бірге орындады. Көрермен арасынан суырылып шыққан мына бүлдіршін сүйікті әншісімен дуэт орындау мәртебесіне ие болды.