«Бұл соңы»! «ORDA» дәуірі тәмам ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

«ORDA» тобының талай жыл күткен бейнебаяны жарық көре сала фанаттарын мұңайтып қойды. Көпшілік туындының астарын түсінбей қалды. Себебі, music video-ның соңы «2000-20024! Бұл соңы!» сөзімен аяқталған.

«ORDA» тобы:

- Легендалар қосылып отыр енді.

- Негізі 12 жыл болды соңғы рет біз былай айтқан кезінде жұмыс паш еткелі иә. 12 жылдың ішінде көптеген дүние болды, өзгерді. Елімізде өзгерді деп айтуға болады иә. Сондықтан айтатын әңгіме көп, іштегі сырларымыз бар.

Араға 12 жыл салып бейнебаян таспалау идеясын ұсынған - Ерболат Беделхан. Ол тіпті енді «ORDA» тобының продюсері екен. Жігіттер өзара келісімшартқа да отырған.

«ORDA» тобы:

- Негізінде мен 24 жылдың ішінде «Ордаға» ешқашан продюсер болып көрген жоқпын.

-Иху!

- Иә, Иә. Бірақ осы жылы мен алғашқы рет балдармен продюсерлік рөлде ойнап отырмын. Сондықтан да міне мен үшін бұл өте бір маңызды қадам. Өзімнің аға буын, бауыр буындармен осылай келісім-шартты алғаш рет қол қойып тұрып жұмыс жүргізу.

«ORDA» тобы:

- Өлеңнің аты «UDAI».

- Біреуге махаббат «UDAI» болады, біреуге тәтті су сусын удай болады. Удайдың мағынасы өте кең, біздің версиямызда удай әрине қарым-қатынас туралы деп біраз аша салайын. Баяғы адамның қарым-қатынасы, екі еркек емес...

- Екі қыз емес. Қыз бен жігіттің қарым-қатынасы.

- Дәл солай

- Удай әнді «Орда» у ішіп өліп қалмаса болды ғой. Бірақ та удың бір қасиеті бар, сен удан аман қалсаң тіпті жарыққа шығасың. Деееп десең...

Әрдайым жаңашылдықты жаны сүйетін «ORDA»-лықтар, бұл жолы да туындының стилистикасына аса мән берген. Бойз-бэнд образ, грим, хореографиясымен бұл жолы да тыңдарманды таңқалдырды.

«ORDA» тобы:

- Бізде осы 25 жыл бұрын дайындаған билер, соларды билеген кездегі қиындықтар бүгін де солай қайталанып жатыр. Қисайған кәрі белдерімізді буып өте күрделі бір биге қатыстық...

- Үй сен бәрін айтып бердің ғой..

- Бәрін айтып бердім ба?

- Тоқта деймін осы жерден...

Бір қызығы «ORDA» дәл осы «UDAI» бейнебаянын шығармас бұрын, алдағы жоспарларымен бөлісіп қойған еді. Ұжым продюсері Ерболат Беделханның өзі белсенділікті арттыруға дайын екенін айтқан болатын.

«ORDA» тобы:

- Күйтабақ шығады, планда бар, балдар енді естіген барлығын. Екінші өлең тіпті қазір дайын. Бұйырса осы жылы екінші бейнебаян түсіреміз ба деген шет елде түсіреміз ба деген ойымыз бар. Қай ел екенін айтпаймын. Құпия болып қалсын.

Оған қоса, бойз-бэнд қыркүйек айының соңында батыстың төрт қаласына, ал қазан айында Шымкентте 24 жылдық мерейтойына арналған концертін өткізуді жоспарлап отыр. Сонда, «UDAI» бейнебаянының соңындағы жұмбақ сөз: ескі дәуір аяқталып, жаңа кезең басталды деген сөз бе әлде расымен бұл топ тарайды дегенді білдіре ме? Бұл сұрақтардың жауабын уақыт көрсетеді.