Шаңырақ көтергеніміз кеше сияқты еді. Бүгін қызымызды жетектеп мектепке келдік,-дейді Шерхан Пірназар. Актер барлық жұмыстарын ысырып, Әдемісінің алғашқы қоңырауына келген. Шерхан әкелік толқынысын жасыра алмады.
Шерхан Пірназар, актер:
– Енді мен ешқандай дүниесіне араласқан жоқпын. Тек басы-қасында жүрген анасы. Бірақ... Өзім... Біртүрлі енді эмоция... Алғашқы қоңырау болғаннан кейін. Кеше ғана отбасылы болған сияқты едік.
Актердың келіншегі, кастинг директор Айжан Жұмабек те қатты қобалжып жүр. Қызымыздың дүниесін түгендеуге көп уақыт керек болды. Баланың өз таңдауы болғаны жақсы ғой. Ештеңеде бетінен қақпадық,-дейді
Айжан Жұмабек, кастинг директор:
– Өте қатты толқып тұрмын. Дайындық өте қиын болды. Менің қызымның талғамы өте биік, шүкір Аллаға. Соған байланысты киім табу да қиын болды. Ештеңе ұнамайды. Киімді наверно екі апта іздеп, таптық. Даже ручка, дәптерлеріне дейін әрең таңдады.
Жұлдыз отбасының қызы жеке меншік мектепке барады. Себеп: оқу ордасы трансфермен, төрт мезгіл тамақпен қамтамасыз етеді. Қала берді, үй тапсырмасы деген болмайды. Таңертеңгі 8-де басталған сабақ, кешкі 5-те бітеді. Түрлі үйірмелер бар. Айына 250 мың теңге төлейді.
Айжан Жұмабек, кастинг директор:
– Мәәә, көп. Жылағым келді менің. Нулевой классқа осынша ақша кетіп жатыр. Ертең алдағы 11 жыл қалай болады. Соны білмей тұрмыз енді.
Пірназар-тегінің тұңғышы мектеп формасын қалай таңдағанын бір ауыз сөзбен қайырды.
Әдемі Шерханқызы, Ш. Пірназардың қызы:
– Маманың миын ашытып таңдадым.
Бірер жылда Тәуекел Мүсілім де тілашар той жасап, тұңғышын мектепке апарады. Тәуекелдің оқу ордасын таңдауда өзіндік талаптары бар.
Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші:
– Міндетті түрде қазақ тілі болуы керек. Қазақша үйретуі керек. Орта қазақша болуы керек.Балаларымыз қазір тек қана қазақша сөйлейді.
Әзірге Мүслім-тегінің ұлдары балабақшаға барады. Актер Айтөренің қызықты қылықтарын бір күліп алды.
Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші:
– Өзіміздің жақсы көретін Нурик апайымыз бар. Нұрымхан апайымыз. Сол апайды өте жақсы көреді. Күнде бір таңертең келген кезде, өзі күтіп алып, күліп және күзетші ағайымыз бар. Таңертең әрдайым амандасып, «Ассалаумағалейкүм» деп қол беріп, міндетті түрде амандасамыз.