Хит жоба «Патруль» телехикаясының жалғасы жарық көре ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көпшілік көзайымына айналған «Патруль» сериалының 7-маусымы жарық көрмек. Астарлы әзіл арқылы көрерменді күлкіге қарқ қылатын телехикая бұл жолы Семей қаласында таспаланады. Полиция қызметкерлері қатарына тұрақты актерлар ғана емес жаңа кейіпкерлер де қосылады.

Еділ Анарбай, актер:

- Маусымнан маусымға, бірақ білмеймін, біздің жоба ондай жобалардың қатарына жатпайды. Жаңа персонаждар бар, жаңа идеялар бар, жаңа ситуациялар бар.

НТК арнасында сондай-ақ тың туындылар да жарық көреді. Мәселен жаңа маусымда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған «Шыда» драмасы көрерменге жол тартады. Телехикаяның бас кейіпкері – Қуаныш Құдайберген. Актер абьюзердің рөлін сомдамақ.

Қуаныш Құдайберген, актер:

- Негізі кино, сериал, театр деген ол көрген адам сахнадан немесе экраннан өзін көру керек деп ойлаймын. Өзін көріп өзінің қателіктерін көріп, жақсы тұстарын көріп солай бір ой түю керек деп ойлаймын.

Актуалды тақырыптардан бөлек, НТК-да романтикаға да орын бар. Әдемі ғашықтар хикаясын суреттейтін «Теңіз түсті махаббат» туындысы осы күзде эфирден көрсетіледі.

Аделина Ералиева, актриса:

- Бұл жерде байдың қызы және де кедей бала. Кедей дегенде қатты кедей де емес, таксовать етеді. Қарапайым бала мен бір бизнесвумен ғашық болып қалады. Негізі ол өмірде де болатын нәрсе ғой. Көрген қыздар, мүмкін ер адамдар көрсе мә мынау жиза деп айтуы да мүмкін.

Алдияр Қуанышев пен Аделина Амангелді бой көрсететін телехикая Ақтау қаласында түсірілген-ді.

НТК арнасы аңқау елге арамза молда болған алаяқтар жайлы тағы бір жоба ұсынбақ. «ЖБ» яғни «Железобетон». Криминалды туынды онлайн бәс тігіп, жеңіл ақшаға құмартып жүрген Жасұлан есімді студент жайлы. Ол қаржы мәселесінен жылдам құтылу үшін қос киберқарақшымен танысады. Осылайша, Жасұлан алаяқтардың 7 түрлі алдау тәсілін үйренеді.

Шоу-бизнес жаңалықтарын жария ететін «Revue News»-та жаңа деммен эфирге қайта оралды. Бағдарлама - күнделікті қызықты ақпарат беріп қана қоймай, әр бейсенбі сағат 17:35-те жұлдыз қонақтармен сұқбат ұсынады.

Ержан Мухатаев, жүргізуші:

- Енді оның барлығын қазір айтпаймын өйткені жаңалықтарды сіздер қарауңыз керексіздер. Сондықтан қапы қалмаңыздар «Revue News» бағдарламасын жіберіп алмаңыздар.

Ал еркін форматтағы «OZMZ ғой» жобасында өзгеріс көп. Бағдарлама тізгіні енді – блогер Дәулет Исраил мен сценарист, талай хит жобалардың авторы Абзал Қамбаровта.

- Дәкемен жүргізгенде көңіл-күйдің керемет емес болмауы мүмкін емес.

Дәулет Исраил, жүргізуші, блогер:

- Ал Абзалмен жүргізгенде сценарий материал слабый болуы мүмкін емес. Ол мықты болып шығады.

«OZMZ ғой»-дің жаңа жүргізушілері әр бағдарламаны қызықты әр сапалы етіп шығаруға уәде беріп отыр.

Дәулет Исраил, жүргізуші, блогер:

- Жалпы ұнайды, бірақ кішігірім өзгерістер де енгізгіміз келеді. Себебі келгендіктен жаңа леп алып келу керек. Көрермендер де көбірек арнамызға қосылатындай қызықты еткіміз келіп тұр.