«AR CUP 2024» ТУРНИРІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Аманат Азаматұлы, «Оқжетпес» футбол құрамасының ойыншысы:

– Өте жақсы ойнамадық. Бірінші характер жетпеді бізге. +00:45 – Өз-өзіне көмектесу жетпеді.

Үш жыл қатарынан жеңіс трофейін бермей келе жатқан «FC Astana» алғашқы күні, өзбекстандық «Бунедкорға» ұтылды.

Бекзат Мейрамбекұлы, «FC Astana» құрамасының жаттықтырушысы:

– Жыл сайын турнирдің деңгейі өсіп жатыр. Осы жылы Москвадан «Спартак деген команда келіп жатыр. Олар Ресейдің екі дүркін чемпиондары. Өте қызықты, әдемі команда деп ойлаймын.

Жартылай финалға: қарағандылық «Шахтер», актөбелік «FC Ақтөбе», ресейлік «Спартак» пен алматылық «Қайрат» жолдама алды.

«FC Ақтөбе» жартылай финалда, пенальти сериясы бойынша 4:5 есебімен «Қайрат» құрамасына жол беріп, қола жүлде үшін Қарағандылық «Шахтермен» сынға түсті. 1-0 көрсеткішімен жеңіске жетті. Үшінші орынды қанжығалады.

Әмірхан Самиғолла, «FC Ақтөбе» құрамасының ойыншысы:

– Біз «Қайратпен» жеңіліп қалдық. Пенальти лоторея болған соң ұтылып қалдық. Бірақ үшінші ойын «Шахтерды» ұттық.

Ал қарағандылық «Шахтер» жартылай финалда «Спартакқа», үшіншші орынға таласта «FC Ақтөбеге» ұпай ұттырды.

Эмиль Марданов, «Шахтер» құрамасының ойыншысы:

– На финал кажется не хватило настройя. /МУЖ/ Финалға ішкі рух, мықтылық, тактикалық әрекеттер жетіспеген сияқты. Негізі бұл ойынға ұзақ дайындалған едік. Бірақ еңсеміз түспейді.

AR CUP-тың үш дүркін чемпиондарын бірінші ойында-ақ шаң қаптырған өзбекстандық «Бунедкор» жартылай финалға жолдама ала алмай қалды. Бірақ келер жылы екі есе дайындықпен келеміз,-деп білек сыбанып отыр.

Тахирбек Абдуганиев, «Бунедкор» құрамасының ойыншысы:

– Игра была сложная. /МУЖ/ Ойын оңай болмады. Бірақ жеңіске қатты құлшындық. Сәл сәттілік жетпей қалды.

Өткен жылы қолаға ие болған «Қайрат», биыл ресейлік «Спартакқа» пенальтиден 1 гол айырмашылығымен есе жіберіп, күміс қанжығалады. Ойын бойы доп өткізбеген қақпашы Ади Ким, аздап өкінішінің барын айтып қалды.

Ади Ким, «Қайрат» құрамасының қақпашысы:

  • Біз соңына дейін күрестік. Бірақ пенальтида жолымыз болмады. Мойындау керек, оларды қақпашысы жақсы екен. Бізге аздап сәттілік жетіспеді. Келер жылы бұданда мықты дайындықпен келеміз.

ТМД-ға танымал «Спартак» AR CUP-тың дебютанттары. Үш күн бойы жақсы ойын көрсетті.

Денис Говоров, «Спартак» құрамасының ойыншысы:

  • Турнир өте тамаша өтті. Қолымыздан келді. Ойынға алғаш қатысып тұрсақ та, чемпион атандық. Алматылық «Қайратпен» өнер көрсету оңай болмады. Олар да жақсы ойнады.

Максим Жалмағамбетов AR CUP-тың тұрақты ұйымдастырушысы. Қала берді, өзі де кезіндегі дүлділ спортшы. 2006 жылғы футболдан Қазақстан чемпионы, 2012 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері. Максим, Ресейлік «Спартакпен» келісу оңай болмағанын айтады.

Максим Жалмағамбетов, AR CUP ұйымдастырушысы:

– Со «Спартаком» достаточно долго. /МУЖ/ «Спартакпен» келіссөздер ұзақ жүрді. Тіпті құрама ойынға келісім беруі үшін, олардың форматына бейімделуге тырыстық. Турнирдің ауқымы кеңейіп жатыр. Келер жылы Еуропалық командаларды шақырамыз деген ой бар.

Спорттық шара НТК телеарнасының бастамасымен өтті. Қатысушылардың бәріне сыйлықтар таратылды. Ойыншылар ұмытылмас тәжірибе алғандарын, турнирге алғыстарын айтты.