Николь Шерзингер, Ті, Таркан және Бурак Озчивит! Revue News-те экслюзив сұқбаттар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қошқар мүйізді оюмен шапан киіп, ақ дастарханнан дәм татқан Джейсон Дерулоны таңғы 04:00-де әуежайдан күтіп алдық. Мега жұлдыздың өзі түн ұйқысын қиып келген журналистерді көріп, таңқалған-ды. Қазақтың қонақжайлылығы деп түйді әнші.

Джейсон Деруло, әнші:

- Айнадан өзімді көріп қалдым. Өте әдемі шапан, қуаныштымын. Шынымды айтсам, ең әуелі қазақтың ұлттық тағамдарын жеп көргім келеді.

Николь Шерзингердің америкалық рэпер Ті -мен концертін эксклюзивті түрде түсіру мүмкіндігі бізге ғана берілді. «The Pussycat Dolls» тобының экс-солисі сахнаны өртеп, көрерменді шайқады!

Светлана Лобода үшін жылына кем дегенде бір рет Алматылық тыңдарманмен қауышу must do тізімінде. НТК-мен сұқбат құру да дәстүріне айналған.

Светлана Лобода, әнші:

- Қазақстандықтар ерекше ықыласты аудитория, қонақжай халық дер едім. Сондықтан бұл елден әрдайым керемет энергетика аламын. Қайта-қайта орала бергім келеді.

Тек түрік көрермені емес, күллі жаһанға аты айқын Бурак Озвичит Алматыға ат басын бұрғанда оны таспаға тартып алуға бізге ғана рұқсат етілді. Фан-кездесудегі талай сырды көрерменге жеткізген де біз.

Трендтер түспейтін әндерімен қуантып, ерекше шоу жасағандар қатарында - МОТ та бар. Матвей жұбайы Мария Мельниковамен бірге концерт бергенде, НТК ұжымы құрметті қонақтар қатарында болды.

Ал, Хаммали Наваи болса, жыл басында жеке концерт өткізіп, кейіннен REVUE NEWS ұжымымен ауқымды фестте қайта жүздесті.

Наваи Бакиров, әнші:

– Нам очень приятно МУЖ/ Өте қуаныштымыз! Бізге Қазақстанға келген ұнайды. Адамдары да үнемі жылы қарсы алады. Әндерімізді жатқа айтады. Рақмет!

Сондай-ақ, әрбір әні ырғақты «Fly Project» ұжымы мен нағыз хитмен Feduk те Open air-де төбе көрсетті. Ал, Pompeya тобы болса қазақ өнерпаздарына тамсанғанын жасырмады.

Даниил Брод, «Pompeya» тобының вокалисті:

- Прекрасный фестиваль, публика я даже не знаю что сказать...\муж\ - Фестиваль керемет өтіп жатыр. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осындай кештерде, әсіресе дәл осындай салқын самал есіп тұрған ашық аспан астында өнер көрсету бізге шабыт сыйлайды.

Корейлік Сон Вон Соб біздің әншілермен коллаб жасауды әлдеқашан бастап кеткен. Тіпті ол, бүгінде домбырада ойнауды үйреніп алған.

Song Won Sub, музыкант

Домбыраны кәсіби ойнай алмаймын. Аздап үйреніп алғаным рас. Оның өзі маған оңайға соққан жоқ.

Мега жұлдыздар мен қазақ өнерпаздары ән сахнасында ғана емес, кино саласында да тоғысқан. Мәселен, «Хотя бы кинода 3» лентасында төбе көрсеткен азиялық Му Ион Бразерс тобының сұқбаты бізден бірінші болып шықты.

Muуun Brоthers:

- «Қазақстанның киногерлеріне алғысымыз шексіз. Атағымызды одан әрі асқақтатып жатқанына ризамыз. Әнімізді халық өте жылы қабылдады.»

-05:09 - Көп рақмет сіздерге

- 05:27- Кашаша