Ақерке Назарбекова ғашығы Жасұлан Көпбергенді кімнен қызғанып жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақерке Назарбекова мен Жасұлан Көпберген жұбына қызықпайтындар кемде - кем. Тағдырлары кино алаңда тоғысқан ғашықтардың алға қойған мақсаттары көп.

Ақерке Назарбекова, актриса:

- Ол негізінде мені барлық проектте болсын, не істесем де қолдап отырады, поддержкасын беріп отырады. Өзі де айтып отырады сен не істесең де қолдап отырамын, наоборот сені көтергім келеді деген сияқты.

Мамандықтан да, жұп таңдаудан да жаңылмаған Ақерке, «бір салада жүргеніміздің пайдасы көп» дейді. Алайда, актерлердың әр жобада пайда болатын кино-ғашықтары мен махаббат сахналары қызғаныш сезімін тудырмай қоймайды.

Ақерке Назарбекова, актриса:

- Қызғаныш деген жақсы көрген адамдардың арасында бәрінде болады деп ойлаймын. Мен де оны қызғанатын жерлерім болады.

-Кімнен қызғандыңыз? Мәселен, Жазира Еркіннен қызғанған жоқсыз ба?

- Ол сахнаны мен до этого бірге сөйлескен болатынбыз. Шешілген болатын ол нәрсе екеуміздің арамызда, сондықтан бәрі жақсы.

Десе де, Назарбекова өзінің де, Жасұланның да ашық махаббат сахналарын құп көрмейді.

Ақерке Назарбекова, актриса:

- Мен негізі өз басым Жасұланмен жүрмей тұрып та ондай сахналарға қарсымын негізі, сондықтан сол қатты бір қиындық туғызбайды.

- Жасұлан сонымен қатар керемет музыкант, сізге ән арнады ма?

- Болған.

- Қандай ән?

-Ол әлі шығарылған жоқ. Ол музыкалық процесстермен әлі дайындалып жатыр, сондықтан шыққан кезде айтармын.