REVUE NEWS-те эксклюзив! Актриса Фариза Ескермес пен Андрей Чалковтың үйлену тойы қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар @kazyna_91

REVUE NEWS-те эксклюзив! Бүгін біз актриса Фариза Ескермес пен Андрей Чалковтың салтанатты тойы мен неке қию рәсіміне куә боламыз.

Ерекше форматтағы той неке қию рәсімінен басталды. Қалыңдықты

әкесі - Нұржан Ескермесұлы өз қолымен күйеубаласы Андрейге табыстады. Ғашықтар жиналған жұрт алдында: қандай қиын кезең болмасын бір-бірін қолдауға, соңғы демі қалғанша сүйіп өтуге сөз берді. Уағдаласу кезінде Фариза Андрейге 3 сәби сыйлауға ниетті екенін айтты.

Әзіл-қалжыңы аралас серттескен ғашықтар көпшілікті сүйсіндірді. Актриса, тіпті келешегі ашық сахналарға түспеуге сөз берді.

Фариза Ескермес, актриса:

- Егерде проект өте жақсы, керемет болып жатса, Андрей рұқсатын беремін деп басында айтып қойды. Сондықтан да ...

-Ол уәде саналмай ма?

-Бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

- Мүлдем түспеймін деп уәде берді.

Олжас Нұрбай, режиссер:

- Да? Ай, көреміз қазір «Мошенники 2» бар.

-Сол жайында не ойлайсыздар?

-Регистрациясының қазір быт-шытын шығарамын.

Жастар неке жүзіктерін танымал брендтен таңдаған. «Сүйгеніме бар жақсыны әперемін» деген күйеужігіт жарына бір жылдың ішінде Гелинваген автокөлігін сыйлауға сөз берді. Сондай-ақ, Андрей бал айларын АҚШ-та өткізуге тур дайындап қойған көрінеді.

Фариза Ескермес, актриса:

- Андрей салт-дәстүрді өте жақсы біледі. Оған бәрін дұрыстап түсіндірдім. Қалыңмал деген, және төс берген кезде төсті міндетті түрде жеу керек. Төс алып келген кезде ақша беру керек және үйге кірген кезде арқан тұрады, оған ақша беру керек. Короче ақшаңды шаш дедім да, сонымен ол ақша көп алып алды.

- Одан бөлек қалыңмал төлепсіз қазақтың салт дәстүрі бойынша, құпия болмас қанша төледіңіз?

Андрей Чалков, Фаризаның күйеуі:

-3 миллион.

-Да?

Айтулы датаға бір жылдан бері дайындалған өнер иесі қалыңдық көйлегін 3 рет ауыстырды.

Фариза Ескермес, актриса:

- Мен үш көйлек тіктірттім. Бірінші көйлек. Енді өмірде той бір-ақ рет болады ғой үйлену тойы. Сол үшін. Үйлену тойда әдемі болайын, әртүрлі образ болсын деп үш көйлек таңдадым.

Актрисаның таңдауы отандық брендтерге түскен. Ең қызығы, ақ көйлектердің барлығы Фаризаға тегін тігіліп, сыйлыққа берілген. Сыйлық демекші, нағыз селебритиден жиналған қонақтар да барынша дайындалған. Мәселен, актриса Жазира Еркін құрбысына ерекше тосынсый жасайтынын мәлімдеді.

Жазира Еркін, актриса:

- Бізде бүгін творческий номер. Иә, құрбылардың атынан барлығымыз өнер жолында жүргендіктен, бүкіл талантымызды салып креативті қарап бір өнерлі сыйлығымыз бар

Ән тарту жасағандардың қатарында Фаризаның нағашы інісі Ержан Максим де бар. Талантты әнші «Андрей жездемнің жеке өтінішін орындаймын»,- дейді.

Ержан Максим, әнші:

- Жездем Луче Далланың «Памяти Карузо» әнін сұраған болатын. Сол әнді орындап береміз қазір сұрауы бойынша»

- Қонақтардың арасында Тимур Балымбетов жұбайымен бірге, қош келдіңіздер»

-Рақмеет

-Сіздердің сыйлықтарыңыз ерекше көзге түсті жаңа, не сыйладыңыздар, құпия болмаса?

-Ааа, байқап қалдыңыз ба? Біз негізі Фаризаның басқа елдерге баратынын және жақсы көретінін жақсы білеміз, танимыз. Сондықтан біз мына келесі Мальдивке барғанда жаңа өте мықты брендтің чемоданымен барсын деп сондай керемет үлкен чемодан.

- Жалпы жұлдыздар бір-біріне қанша сыйлайды?

Шерхан Пірназаров, актер:

- Енді ренжімейтін шығар деп ойлаймын, біз отбасымызбен ақылдаса келе біраз қиналдық не береміз деп, 200 доллар беретін шығармыз.

Жазира Еркін, актриса:

- Негізі жақсы береміз.

Олжас Нұрбай & Ұлбосын Шалқарова, жұлдыз жұп:

- Ақшалай береміз деп шештік, неге десеңдер бұлар қазір путешествияға барады, анау-мынау. Мына жасап жатқандарының бәрі шығын. Иә, ол да. Подарок холодильник, анау мынау ..Лучше, мен ойлаймын луший подарок ақшалай деп.

-Жақсы рақмет, әне өзі де келіп қалды.