Ұлт гуманисінің образын сомдау Азамат Сатыбалдыға оңайға түспеген. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының болмысы актер үшін құпияға толы әрі табиғатына жат болған. Сондықтан да ол «фильмографияма серпіліс әкелетін бұл рөл маған бақ және сын»,- дейді.
Азамат Сатыбалды, актер:
- Кинода тіпті менің қолымды көтеретін жерім жоқ. Бәрін түгел айтты артық қимыл жасамайсың, түгел бәрін ішіңе салып, ішіңнен көзің арқылы жеткізесің, Ахметтің бар болмысы осы. Өйткені Ахмет бабамыз өмірінде ашуланбаған кісі, ол өте сабырлы болған кісі.
Сондай-ақ, Азамат Сатыбалды әр сахна алдында грим орындығында сағаттап отырғанын да еске алды. Байтұрсынұлының 25 жасынан 54 жасына дейінгі кезеңдегі кескін-кейпін келтіру зор ыждаһаттылықты талап еткен.
Азамат Сатыбалды, актер:
- Мен Ахмет ағамыздың 8 возрастын ойнадым. 25-тен бастап-54 жасына дейін жаңағы 8 возрастын ойнадым. Сондықтан да сол жағынан өте қиын болды маған. Өйткені бүгін 25 жас кезін ойнап жатсам, ертең 54 тегі жасын ойнаймын, 3-4 сағат гримда отырамын, ауысу керек. Интонациясы бар,түрі бар, болмысы бар.
Өнер иесі ұлт жанашырының ішкі сезімін уақыт өте түсінген. Фильм авторынан бір сахнаны жарты жылдан соң қайта түсіруді сұраған. Еске салсақ, сценарий авторы, продюсер - Ғалым Доскен.
Азамат Сатыбалды, актер:
- Мен жарты жылдан кейін бір сахнаны қайтып түсірткіздім Ғалым ағаға айтып. Ғалым аға мен мына сахнаны басында бастағанда дұрыс түсінбеппін. Мүмкіндік бересіз ба маған осыны қайттан түсірейікші деп. Ғалым ағаға үлкен рақмет айтамын. Ол біліп тұр что, актер шықпаса кино шықпайтынын.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
- Менің жанымда Ахмет Байтұрсынұлының жарының рөлін сомдаған актриса Дарья Александрова. Дарья, қандай сезімде тұрсың, қобалжу бар ма премьера алдында?
Дарья Александрова, актриса:
- Я переживаю естественно...- Қатты қобалжып тұрмын. Көрермен кейіпкерімді, фильмді жақсы қабылдаса екен деймін. Өйткені Бадрисафаға шын ғашық болып қалдым. Өмірімде алғаш рет түсірілім алдында ұзақ уақыт кейіпкер бойынша жұмыс жасадық, зерттедік.Маған татар тілінен арнайы мұғалім берді. Өйткені көп сахнамда татарша сөйлеймін.
- Фильмде қай сахна сізге өте әсерлі болды?
Альмира Тұрсын, актриса:
-Кәдімгідей жылағым келді да, Ахмет Байтұрсынов Алихан Бөкейхановтың қайтыс болуына Азамат өте әдемі ойнап шыққан.
Ал, актер Мейірғат Амангелдин керісінше кейбір сахналарына аса сенбегенін жасырмады. Өнер иесі «шынайы тарихты көре алмадым»,-дейді.
Мейірғат Амангелдин, актер:
- Актер ретінде бір кейбір жерлерінде техника жағынан сондай сұрақтарым болды, свет деген секілді, жарық қою жағынан. + 01:19 - Біздің тарихты білуіміз үшін және кейде бір шын тарихты көргің келеді.
-Шын тарих дегеніміз ол, сіздіңше көркемдеусіз ба?
-Иә, қатты көркемдеп жібереді кейде. Сіз сияқты, біз сияқты олар да адам болған. Сондықтан сол адам жағынан көбірек көрсетсе деймін да.
Алаш көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы жайлы кезекті картина оның бөлек болмысын аша алды ма? Кемел табиғатын көрсете білді ме? Экран мен бокс офис көрсетеді.