Әбілмансұр Серіков, Әшім Ахмет және Дильназ Ахмадиевалар неге «Қораға кірдік» фильміне тегін түсті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Ерболат Әлқожа, Әбілмансұр Серіков, Олжас Нұрбай, Әшім Ахмет қораға кірді! Бірі ұсақ-түйек ұрлықпен айналысса, екіншісі адамдарды құлдықта ұстап, күшпен тегін жұмыс істетіп жүр.

 

2014 жылы елімізде еркінен тыс тұшпара түйіп, құл болған жандардың хикаясы ақпарат беттеріне шыққан еді. «Қораға кірдік» фильміне дәл осы оқиға негіз болған. Фильм авторы Олжас Нұрбай идеяны жүзеге асыру үшін 9 жыл күткен. Әуелі тәжіриебе жинаған.

Олжас Нұрбай, режиссер, кинопродюсер

- Менің жанымда «Қораға кірдік» фильмінің продюсер, режиссері және басты кейіпкерлерінің бірі – Олжан Нұрбай. Премьера құтты болсын.

- Автор идеи еще, бюджет аз болғанда бәрін ала бересің ғой.

- Бюджет неге аз болды?

- Бюжет неге аз болды, міне көрдіңіздер ма, бюджеттің аздығынан құлап жатыр. Себебі бұл енді эксперименталды идея ғой, түсінесіздер ма, бұл бір андай бір той-томалақ туралы ой өтеді ау деген кино емес. Сондықтан мұндай киноға қомақты ақша табу қиын болды.

- Қателеспесем шығын 75 миллион...

- Жарнамасымен бірге 90 миллион.

Талай хит сериал таспалаған Олжас Нұрбай алғашқы толықметрін бастаймын дегенде актерлық құрам қолдау білдірген. Каст бюджеттің аздығына байланысты, қомақты қаржы да талап етпедік деп отыр.

Әбілмансұр Серіков, актер

- Фильмге 75 миллион теңге шығын кетіпті, сіз соның қанша пайызын алдыңыз?

- Көп алдым деп айта алмаймын. Продюсер жылады.

Біржан Чопбаев, актер

- Тегін түсіп жатырмыз. По-братский. Кинодан кейін беретін шығар. Бөліспесе айтамыз ғой онша емес адам екенсің деп конкретно.

Туындыда Олжас Нұрбайдың жары Ұлболсын Шалқарова да бой көрсетеді. Актриса түсірілім небәрі жарты күнге созылды дейді.

Ұлболсын Шалқарова, актриса

- Жоқ тегін түскен жоқпын.

- Актерлар тегін түстік деп жатыр ғой...

- Олжастың папасы айтты: «Балам ақшасын төле», - деді.

Ал лента драмеди жанрында. Жоба авторлары әзіл арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғамақ.

Олжас Нұрбай, режиссер, кинопродюсер

- Басты екі месседж бар – ол оңай ақша болмайды, екіншісі – ол отбасынан басқа сен ешкімге керек емессің.

Ұлболсын Шалқарова, актриса

- Қатты тисе де айтайын ер азаматтардың кішкене жауапкершіліктен арылып бара жатқан туралы негізінде.

Олжас Нұрбай, режиссер, кинопродюсер

- Алғашқы толықметріңізді таспалар сәтте кім сізде қолдады, кім қолыңыздан қақты?

- Қаққандар болды, қолдағандар көбірек.

Ұлболсын Шалқарова, актриса

- Қалай қолдау көрсеттім, үйде жан бәрі жақсы болады деп қолдау көрсеттім.

Фильмнің жарнамасына актерлық құрам түгел қатысқан. Тіпті олар қасақана бір-бірімен араздасып, желіні әдейі шулаттық деп отыр. Идея - Әбілмансұр Серіков пен Біржан Чопбаевқа тиесілі.

Біржан Чопбаев, актер

- Анау Манс деген жүгермекті білесіз ғой, сол негізі былай екеуміздің былай кикілжің былай арамызда жүр ғой ол негізі әшейін пиар қадам. Уже маған Атыраудың балалары жазып жатыр, «Ананы орнына қоймайсың ба?», - деп.

Жасұлан Көпберген, актер

- Бұл фильмде жәбірленушісіз ба әлде қорлық көрсетесіз ба?

- Бұл жерде 5 актер бар, ең қиналған мен.

- Өнердегі ағадарыңыз қысым көрсеткен жоқ па?

- Қысым көрсетті, ұрады, тебеді, братишка деп жұмсайды десең ия, ойнап айтамын.

Әшім Ахмет, актер

- Олжас сіздің театрдағы қойылымдарыңызды көріп, сізді өзге қырыңыздан танып, амплуадан шығарғысы келді, сол мақсат жүзеге асты ма?

- Өзінен сұрасам көңілімнен шықты дейді.

Әбілмансұр Серіков, актер

- «Қораға кірдік» фильміне көрермен не үшін келуі қажет?

- Себебі ол жерде мен ойнаймын.

Дильназ Ахмедиева, әнші

- Кино ұнады ма?

- Ұнады, өте ұнады. Бір байқағаным қарапайым комедиялардан өзгешелік байқадым. Трагикомедия дер едім, себебі күлдік те жыладық та. Тіпті өзімнің кейіпкеріме жаным да ашып кетті. Эпизодтты сомдасам да, көрерменнің есінде қалдым.

- Ал сіздің қалай көндірді?

- Маған сценарий ұнады. Тәжіриебені жаным сүйетін адаммын, өз-өзіме ұқсамайтын образды сомдайсың дегенде бірден келістім. Меніңше әсерлі шыққан сияқты.

Жазира Еркін, актриса

- Мен көп политра сезіндім да эмоцияның. Қатты шыны керек толқып тұрмын. Мынандай бюджетпен үздік фильм түсірген Олжас просто үлкен сый құрметке лайық деп ойлаймын.