Зарина Кармен әншілікке бет бұрмақ! Актрисаның тырнақалды туындысы Қазбек Құрайышпен жазыла ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Зарина Кармен музыка әлеміне қадам басуға ниетті. Актриса жобадан соң әншілігін дамытуға қарқынды кіріскен. Оған себеп - Қазыбек Құрайышев. Өнер иесі Заринаның алғашқы туындысын жазып бермек.

Зарина Кармен, актриса:

-Мен Қазыбекке де өзім айтам, Қазбек маған тіпті уәде де берген мен саған ән жазып берем деп. Иә. Осы жақында тіпті талқыладық та осындай жанрда, осындай стильде болса деген сияқты.

Алайда актриса бұл шешімге бірден келе қоймаған.

Зарина Кармен, актриса:

– Менің өзімнің өмірлік ұстанымым – әр адам өзінің жұмысымен кәсіби деңгейде айналысу керек. Мен қаншама жыл оқыдым әртістікке, өзімнің әртістиігімді қатыра берейін.

Актрисаның бұл ұстанымын бұзып, бойына сенімділік ұялатқан да – Құрайыштегі. Сондықтан Заринаны енді тек Қазыбектің жаңалықтарынан көруіміз бек мүмкін.

Зарина Кармен, актриса:

- Қазбектің жалпы жаңалықтары көп болады алдағы уақытта, менде сол жаңалықтардың ішінде болып қалармын. Енді оның бәрін айтпай - ақ қояйын. Мүмкін айтып қалсам, білмеймін қорқам ол жағынан.

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

  • Концертіне шығып қаларсыз, иә, мүмкін?
  • Мүмкін, мүмкін.
  • Жақсы, рақмет.