Ақбота Нұр мен Еламан Есентаев. Бір қарасаң, көз қуантарлық жұп. Алайда, актер абьюзердің нақ өзі болып шықты. Ақботаға дөрекі қатынас та жасайды екен. Тек «Менің атым – Қызболсын» толықметрінде. Ғашықтарды сомдайтын екеуінің орны сюжет желісі бойынша ауысып кетеді. Агрессор енді - Ақбота.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса:
- Мен үшін кішкене өрескелдеу болды кішкене ер адамды сомдау. Себебі, кішкене ер адамдар білесіздер ғой, біз сияқты емес, әйел адам сияқты емес. Олар жылдам қозғалады, сонымен қатар, дөрекі сөйлей салуы да мүмкін арасында. Енді барлығына топырақ шашпаймын. Сол себепті де сол жағынан маған кішкене қиындау болды.
Драммедия жанрындағы лента гендерлік теңсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыптарын қозғайды. Актриса, «мұның барлығы отбасыда жұбайлардың ашық отырып сөйлеспеуінен туындайды»,- дейді.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса:
- Бізде не жоқ, отбасыда түсініспеушілік жоқ. Бір-бірімен сөйлеспейді. Бір теманың басын ашып сөйлеспейді. Әйтеуір бір- біріне ренжіп, сен кінәлісің, болмаса мен үйден кеттім,сен қатын орныңды біл, сен еркек былай жаса деген әңгәімелер көп қозғалады да.
Басты кейіпкер – прокурордың көмекшісі, Әділ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған ер азаматқа жеңіл жазаға үкім шығарып, нәзік жандылардың ашуын туғызады. Сөйтіп ер адамдар әйелдерінің орнына түсіп, күнделікті күйбең тіршілік, бала бағу сынды қызметтерді мойнына алады. Актер Жасұлан Айтеновке кейіпкерін сомдау аса қиынға соқпапты. Үш қыздың арасында өскен ол, образды алып шығуға анасынан кеңес сұраған.
Жасұлан Әйтенов, актер:
- Тұрмыстық жағдайда қандай қиындықтар болды. Үйлену оңай, үй болу қиын. Сол кезде әкемнен қандай қысым болды, соның барлықтарын білуге тырыстым.
Картинада ерлердің тарапынан нәзік жандыларға жасалатын кейбір әділетсіздіктер: әйелдерді тұлға ретінде емес, жай ғана үй қызметшісі, бала күтіміне ғана жауапты адам ретінде қарауы сынды ащы шындық ашық көрсетілді. Актер Олжас Әлжанов, бұл сахналардың кейбірімен келіспейтінін айтады.
Олжас Әлжан, актер:
- Жоқ, мен өзімді көре алмадым, өйткені менің ата-анам маған басқаша тәрбие берді. Өзім негізі, анам мен әпкемнің ортасында өскен баламын. Бала кезден әкесіз өскем. Сондықтан мен әйелдерді негізі әрқашан да ренжітпеуге, қорғауға, солай анам мені тәрбиелеген.
Ал, актриса Гүлнар Сильбаева болса, «Казахи» КВН командасында жалғыз қыз болсам да жігіттер тарапынан көп әділетсіздікке ұшыраған едім»,- деп өткен күндерді күле еске алды.
Гүлнәр Сильбаева, актриса:
– Алғашқыда жігіттер маған жейделерін үтіктетіп қоятын. Сосын неге бұны менің істеуім керек деп ашуландым. Өздерің жасаңдар деп қарсылық таныта бастадым. Әрине,ол кезде мен жас болдым, құқығымды қорғауды бірден білген жоқпын. Менің көзқарасым, ойым барлығы уақыт өте келе өзгерді.
Фильм авторлары «әйел құқығын қорғау, олардың ойы мен қалауын құнсыздандырмауды екінші тараптың кейіпінде, ерлердің болмысында түсіндіргіміз келді»,- дейді. Лентаның бюжеті 120 миллион теңгеге жуық.