Жұбаныш Жексенұлы трендте! Маэстро нью-скул әншілермен неге бәсекелесіп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Жанды дауыс, ерекше атмосфераға толы шара - ÜİIM. Бұл - әуеннің күшімен бір шаңырақ астында бас қосу кеші. Концертте: Marhaba Sabi, Yenlik, ARShAT, dudeontheguitar, Kyle Ruh, Жұбаныш Жексен бар. Жиналған қаражат, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберіледі.

 

Жұбаныш Жексенұлы нью-скул әншілермен бір сахнада бас қосты. Мэтр жас таланттар жиналған концертке хедлайнер ретінде арнайы шақыртылған. Себебі, өнер иесінің ескі хиттері әлі күнге дейін музыкалық платформаларда топ жарып, композициялары заманауи меломандар құлаққабынан түспейді.

dudeontheguitar, музыкант:

- Әртістер өте көп сияқты, араларыңызда новатор кім, кім хедлайнер?

- Жұбаныш Жексенұлы сияқты, Жұбаныш Жексенұлы, сияқты емес.

Jeltoksan, әнші:

- Үлкен ағаларымыз бар Жұбаныш Жексенұлы ағамыз...

Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Сізді хедлайнер новатор деп жатыр ғой?

- Өте қуаныштымын, әрине.

- Бүгін ньюскул әртістері деп жатырмыз, жаңа толқын музыканттары, өзіңізді қалай сезініп жүрсіз араларында?

- Мен енді көбісін енді таныстым бүгін. Мені шақырғанына рақмет деймін, әрқашанда қос қолдап осы жастарды қайырымдылық жасаған жастарды әсіресе қолдаймыз.

 

Жұбаныш Жексенұлы мен жас әншілер бас қосқан концерттің форматы ерекше. Әртістер мен көрермен арасын бөліп тұратын экран қойылған. Перде іспетті реквизит, визуалды аура орнатты.

Jeltoksan, әнші:

- Түгел жанды дауыста, бенд болады, скрипкалардың квартеті бар, хор бар, ұлттық фолк группа бар соны істеген сол бар, көптеген әртістер бар, көптеген музыканттар жиналды, дауыс жағынан, декорация жағынан дизайн жағынан өте әдемі зат шығайын деп тұр негізі.

dudeontheguitar, музыкант:

- Бір қызығы әртістердің алдында шторка дейміз ғой, ілініп тұрған сияқты, қиын емес па өнер көрсеткен?

- Жоқ, ол қалың шторка емес, былайынан көрініп тұр барлығы проектор үшін ғой сондай визуалды күшті форма болу үшін жасалған дүние ғой осы жердің техникасы жалпы.

ТОП әртістер дәл осы концертте ешқандай қаламақы алмай-ақ өнер көрсетті.

Қазақ музыкасының дамуына үлес қосып жүрген өнерпаздардың бір сахнаға жинаулы бекер емес. Музыканттар кештен түскен қаражатты су тасқанынан зардап шеккен аймақтарға жұмсаймыз деп отыр.

Orynkhan, музыкант:

- Біздің қолымыздан келетін өнер ән айту адамдардың көңілдерін көтеру және де бұл осы екі жайды бір қосқан бір жағынан адамдарға көмектесеміз, екінші жағынан келген адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлаймыз деген сияқты сондай бір мақсатымыз сондай.

Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Мынау елімізде болып жатқан су тасқынына байланысты біздің жас балалар қыздар осындай қайырмдылық концерт ұйымдастырып, сол осыдан түскен қаржыны сол аймақтарға аудару мақсаты. Мен байқасам, мына ересектердің ішінде жалғыз мен сияқты қатысып жатқан.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Кешке келген әрбір тыңдарман ұмытылмас эмоция алып қана қоймай, игі іске аз да болса үлесін қосты.