Өмірім шекер емес! Актер Азат Жұмаділ күн көріс қамымен қара жұмысқа жегілген!

Сообщить о проблеме с эфиром

Азат Жұмаділ енді көлік тұрағында жұмысшы. Ал, оның сенімді серігі, актер Жасұлан Көпберген. Жігіттерді біріктірген – «Парковщик» толықметрі. Картина сыныптас Досхан мен Бақдәулет есімді жігіттердің басынан өткен оқиғасын баяндайды. Күнкөріс мақсатында олар қара жұмыспен қатар донорлықпен айналысады.

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91,

- Жасұлан, қалай парковщик болып кеттіңіз?

Жасұлан Көпберген, актер:

-Аяқасты парковщик болып кеттім ба бірнәрсе боп кетті. Осындай проект түсірейін деп жатырмыз деп предлогать етіп, сценариін оқып, тоже өзіме де қызық болды. Басқаша бір рөлдерді де ойнау керек деп ойладым.

Мұндай жұмысшы киімін тек түсірілім алаңында киіп, кейіпкері арқылы танысып жатқан Жасұлан, табыс табу мақсатында өнерден өзге тірлікпен айналысып көрмегенін айтады. Өзін қаланың нағыз тәртіпті, ақсаусағымын деген актердің қаражаттан қиналған сәті мүлде болмаған екен.

Жасұлан Көпберген, актер:

- Әке-шешем мені ондай нәрсеге жолатпады. Кішкентай кезімнен Жұбанов мектебінде оқыдым, 12 жыл сол мектепте оқыдым да, интернатта оқыдым, жұмыс істейтін возможность та болған жоқ . Не істесем де өзіме ұнайтын нәрсе істегім келеді, әке-шешем де солай өсірді. Любой нәрседен кайфовать етсең, ол өзі-ақ ақша әкеледі деп айтатын әке-шешем.

Ал, Азат Жұмаділ болса, керісінше кейіпкерін жан-тәнімен ұққандай. Себебі, сері күні бүгінге дейін қаржыдан қысылғанда, қара жұмыстың түр-түрімен айналысқанын жасырмады.

Азат Жұмаділ, актер:

- Осыдан 2-3 жыл бұрын да карантин кездерінде жуатын жерлерді жуған кездеріміз де болған. Ыдыс жуатын жерлерде де істегенбіз. Үйдегілерге көмекетесесің. Тәтелеріңе, ағаларыңа көмектесесің. Кез келген кезде мен қара жұмыстан қашқан емеспін.

Азаттың ғашығын әнші Шахризада сомдайды. Актриса лентада байдың еркетотай қызының рөлінде. «Өмірде де байлыққа қызықпай, қарапайым жігіттерге жүрегімді аша аламын» деген Серікова, фильм үшін алатын гонорарына келгенде сыр ашуға асықпады.

Шахризада Серікова, актриса:

- Енді оны айтқан некрасиво болады деп есептеймін, мынанша төледі деп. Бірақ ренжіткен жоқ.

- Шамамен? Бір шетелге , Мальдив аралына барып келетін сумма шыға ма?

- Енді Мальдивы үш рет барып келетіндей...

-Үш рет барып келетіндей? Енді көрермендер өздері ары қарай санай берсін.

Арасынан қыл өтпейтін достықтың ортасына, әдетінше байлық пен сұлу қыз түседі. Жақсы өмірді аңсаған екеу байлық пен махаббат жолында түрлі шытырман оқиғаға тап болады.

Картинаны таспалау режиссер Анвар Матжановқа бұйырған. Драмалық комедияда тележүргізуші Динара Сәтжан да бой көрсетпек. Киногер медиатұлғаны бұған дейін де жобаларына шақырған көрінеді.

Анвар Матжанов, режиссер:

- Сценарийді оқыған кезде кез келген режиссер өзі примерно көз алдына келтіретін шығар персонаждарды. Поэтому мен оқыған кезде Динара Сәтжанды бірден көрдім. Динара Сәтжанды мен басқа киноларға да түсіргім келген. Көп образдар болды, бірақ ол кісімен келісіп кездесіп түсіру қиынға соқты. Сондықтан, ия бірінші рет түсіреміз, өзінің образындағы рөл болады.

- Динара Сәтжан, Ерік Хамидуллаев, Олжас Тоғымбет бой көрсететін картина ағымдағы жылдың қазан айында көрермен назарына ұсынылмақ.