Дариға Бадықова Олжас Абайды тастамайтын болды! Продюсерлік жұмыстан бөлек екеуін не байланыстырады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Ішкілікке салынған Олжас Абай мен Дариға Бадықова тәуіп жағалап жүр. Ащы судың кесірінен отбасы ойран бола жаздаған екеу, тіпті жаман әдеттерінің арқасында бір-бірін тапқанына дән риза. Қос өнерпаздың бұл коллаборациясын жұртшылық қалай қабылдайды, бүгін білеміз.

Дариға Бадықова мен Олжас Абай бұл жолы тек қана басты рөлде емес! Олар серіктес, дос, сондай-ақ ,«Тастаймын-ау сені» фильмінің продюсерлері. Бірі – команданың шығармашылық тұсына жауап берсе, енді бірі қаржы жағын қадағалауды мойнына алған.

Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:

- Қобалжу қатты, шынын айтқанда. Не жүрегім кіріп кетпейді, не шығып кетпейді, біртүрлі ше. Екі күн болды еще тамақ ішпеймін, тек қана су ішіп жатырмын.

Уайымдауға негіз жоқ емес те. Өйткені Бадықованың екінші туындысы комедия ғана емес, хоррор жанрын да қамтымақ. Ол - қос продюсердің шешімі.

Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:

- Олжас екеуміздің идеямыз болды, себебі ішетін адамдарды тоқтату керек болды ғой енді. Сол себепті ұйымдастырылған бір нәрсе болсын деп өзіміздің қазақи нәрсеге жүгіне отырып жасадық соны.

«Дариғаның арқасында кинопродюсер болып кеттім» деген Олжас Абай, тырнақалды туындысының сәтті шығарына бек сенімді. Серіктесінің жолын беріп, рекорд жасауға үмітті. Сол себепті де өнер иесі бүгінде тек Бадықовамен етене араласады.

Олжас Абай, актер, кинопродюсер:

– Жалпы, мен екі жылға уақыт адамдардан ішетін адамдардан, болмаса басқа адамдармен шектеу қойғам. Қазір мен көп адамдармен араласпаймын. Ешкіммен араласпаймын. Қазір тек қана жұмыс, үй, өзім.

  • Қазір Дариғамен араласасыз...
  • Иә, Дариғамен күнде бірге шай ішеміз ғой.

Қос продюсердің шай ішіп қана қоймай, үнемі бірге жүретіні көрерменнің көкейіне сұрақ ұялатқаны жасырын емес. Оны өздерінен сұрап білуге тырыстық.

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Көбіне көп осындай түсірілімдерде сізді жолдасыңызбен көретін едік. Кейінгі уақытта тек Олжаспен бірге жүрсіздер?

Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:

  • Солай, маркетинг. Ол да бір маркетинг. Одан кейін мен жеке өмірімді көрсетіп жатқаным шамалы ғой қарап тұрғанда. Ол да бір маркетинговый ход.

Олжас Абай, актер, кинопродюсер:

- Арамызда человеческий договор бар. Жұмыстарымыз бар, алға қойған мақсаттарымыз бар. Біздің ұрыспаған кезіміз жоқ. Қазірдің өзінде ұрысып қалдық жаңа.

Хоррор-комедия жанрындағы «Тастаймын-ау сені» фильмі қоғамдағы дерт – ащы суға тәуелді жандар жайлы. Картинада әнші әрі актер Назар Шархан Дариға Бадықованың күйеуі - Жарастың рөлін сомдайды.

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Сізді енді Балхияның емес , Бадықованың күйеуі ретінде көрдік.

Назар Шархан, актер:

- Дариғамен әріптеспіз, досым бір жағынан. Сол фильмді қолдауға бардым. Сол, ойдағыдай болды деп ойлаймын. Жарасқа сенді деп ойлаймын.

Актер араққұмарлық өзіне таныс екендігін мойындады.

Назар Шархан, актер:

- Совет одағында өмір сүрген кез келген отбасында болған оқиға. Менің жеке басымда болған оқиға. Бәрііміздің әкеміз ішкілікке жақын болды ғой. 20 жылдан астам уақыт. Бұл дерттен арылуымыз керек.

Олжас пен Дариғаның ішімдікпен күресі қаншалықты нәтижелі болмақ? Экран көрсетеді.