Мадина Сәдуақасованың көңілі алаң! Әртісті күйзеліске түсірген не?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Сәдуақасованың репертурары соңғы 5 айдан бері жаңармады. Әнші шығармашылығында уақытша үзіліс алған. Оған себеп - еліміздегі ахуал.

Мадина Сәдуақасова, әнші

- Өзіңіз жоқ болып кеттіңіз ғой, сізді сағындық қайда жүрсіз? Жаңалықтарыңыз қалай болып жатыр?

- НТК арнасы енді ғана көріп жатырмын ғой. Негізі біз енді бармыз.

 

Шығармашылығымызда жаңалықтар өте көп. Бірақ енді қазір біздің елімізде мынандай жағдай болғандықтан су тасқыны апаттар, сондықтан біздер сәл көңіл-күй де ондай қатты болмай тұр.

 

Десе де Мадина тыңдарманын ұмыт қалдырмайды. Фанаттары үшін түрлі жаңалықтар әзірлеп қойған.

Мадина Сәдуақасова, әнші

- Жалпы көрерменім үшін дайындаған жаңалықтарымыз, сыйлықтарым, тосын сыйларым өте көп.

- Яғни жаңа релиздер, бейнебаяндарп болады ғой?

- Бәрі болады, көресіздер. Дәл қазір менің парақшамда коллаб @muzdi деген боксшы қызбен шығармашылық сондай бір әлеуметтік ролик деп айтуға болады көріңіздер.

 

Сәдуақасова: танымалдылықты ұстап тұрудың тағы бір әдісін ойлап таптым,- дейді. Ол – желі жұлдыздарымен коллаборация. Мақсат – блогерлердің аудиториясын өзіне тарту.

Мадина Сәдуақасова, әнші

- Сізбен коннект жасау, коллаборация жасау үшін не істеу керек?

- Дәл қазір менің де командам да көптеген жастар, тек қана жастар және де солардың идеялары, ойлары сондай коллаб. Ал енді шығармашылық болсын, басқа да саладағы тіпті блогер де, блогермен де жасап үлгердім, Әнел деген қызбен фотосессия жасадық сосын көптеген бір видеолар түсірдік, трендтер.

 

Одан бөлек, Мадина Сәдуақасова әншілермен де біріккісі келетінін жасырмады. Алдағы уақытта ерекше фит болуы әбден мүмкін дейді өнер иесі.

Мадина Сәдуақасова, әнші

- Менің өзімдегі жоспарым ойым ол шығармашылық адаммен шіркін коллаб жасасақ деген. Ол да болдаы көресіздер, ол да жоспарда бар.