Мадина Дәулетқызы, @makeshi_
- Сәнгерлер мен сәнсүйерлер Eurasian Fashion Week-тің 7-ші маусымында бас қосуда! Апталықтың биылғы тақырыбы - «этникалық ой-сана». Яғни, дизайнерлер мода арқылы түрлі этностардың бай мәдени мұрасын паш етпек. Олай болса кеттік, шараны бірге тамашалайық.
Eurasian Fashion Week-тің алғашқы күні танымалдың талайы, біраз блогер төбе көрсетті. Олардың арасында әнші Айжан Нұрмағамбетова да бар. Соңғы кездері фэшн уикті қалт жібермейтін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі дизайнер досын қолдай келген екен.
Айжан Нұрмағанбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
– Қай дизайнерді қолдауға келдіңіз?
- Мен 2006 жылдан бастап Сергей Шабунин деген дизайнермен жұмыс істеп жүрмін ғой. Мінекей, қанша жыл болды 23 жыл, екі жылдан кейін 25 жыл болады. Әрине керемет, Өткен жылы показда болдым ғой модель ретінде.
- Сол кезде әсеріңіз қалай болды, модель болу қалай екен?
- Жаман емес, жақсы. Біз сахнаға шыққан соң бізге қиын емес.
Келген қонақтарды көп күттірмей, Сергей Шабуниннің көрсетілімі де басталды. Фэшн уиктің шымылдығын түрген ол, бұл жолы «Sun Sergio» лақап атымен топтамасын таныстырды. Коллекция шебердің қолтаңбасына сай – гүлді принт, әйелдік болмысты айшықтай түсетін образдар.
Кейін сән мінберінде Boho in Asia, SHAKERBAY, Carla Studios, DJADI сынды брендтердің үлгілері көптің назарына ұсынылды. Ал фэшн кештің кульминациясы Оңтүстік Кореядан арнайы келген MAN.G сән үйі болды. Еске салсақ, шетелдік қонақтар осымен екінші мәрте Eurasian Fashion Week-тің қатысушысы атанып отыр.
Ким Чжиман, дизайнер (Оңтүстік Корея):
- MAN.G брендінің жаңа коллекциясы несімен ерекшеленбек?
- Коллекцияда минимализм және графикалық принтерді қолдандық. Қарапайымдылықты көрсеткіміз келді. Мәселен, мына жейденің жеңін былай қаратсақ тым қарапайым, түрсек жаңаша болып шығады. Бұнымен айтқымыз келгені, бәрі қарапайым көрінгенімен, оның қандай екені ішіне байланысты. Бұл адамдарға да қатысты дүние, адамның рухани байлығы ішінде емес пе?
Шетелдік дизайерлер топтамасын таныстыруға Оңтүстік Кореядан модельді арнайы ерте келген. Ақсақал алпыстан асқанында сән саласына бет бұруға шешім қабылдаған екен. Қазақстанға алғаш келген оның әсері ерекше.
Пе Чун Юн Вун, модель:
– Қазақстанға келгеніме бүгін небәрі екеніші күн. Шынымды айтсам, кермет әсердемін. Айнала қоршаған таулар, сәнді жастар, ерекше энергетика. Шара кермет өтуде.
Қысқасы, бұл кеш дизайнерлер арасында өзара пікір және тәжірибие алмасатын алаңға айналды. Ал келген қонақтар болса, таныстырылған топтама арасында өздеріне киім үлгілерін қарап та қойған.
Жамиля Серкебаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Биылғы сән апталығының «этникалық ой-сана» тақырыбы ерекше. Мен музыка болсын, образдар болсын әрдайым ұлттық нақышты дәріптеп, қолдауға тырысамын.
Мадина Дәулетқызы, @makeshi_
Отандық және шетелдік дизайнерлерді жинаған Eurasian Fashion Week-тің бүгінгі қызықтары осы! Ал ертең балалар коллекциясы таныстырылатынын еске саламыз.