Еске салсақ, Артур Давлетьяров соло мансабын 1 жыл бұрын қолға алған еді. «Тоқтап қалмаймын, тыңдарманды жаңа әндермен қуанта беремін»-дейді әнші. Айта кетейік, Қанаймен коллаборациясының релизі 3 мамырға белгіленген. Арнайы mood video да таспаланады. Қос өнерпаз туындыны жүректерінің жартысына айналған жұбайларына арнаған.
Артур Давлетьяров, әнші:
- Мен өзім шығармашылық эксперимент жасайын дедім. Көптеген өлеңдерімнің бәрі орысша ғой. Қазақша өлеңім жоқ. Енді ойладым қазақша өлең жазайыншы деп. Сөйтіп Қанай досымды қайырмаға шақырдым. «Алтын адам» өлеңнің аты. Енді өзіңіз білесіз, отбасымызға, әйелімізге арнап «Алтын адам» деп атаумен шығарғанбыз.
Артур «Алтын адам» трегінің мәтінін Рамазан Амантайға сеніп тапсырған. «Гонорар берер кезде өзара саудаласу болды» - дейді Давлетьяров.
Артур Давлетьяров, әнші:
- Рамантай. Себебі, қазақша менде ондай қатты күшті өлең шығады деп ойламаймын. Көбінесе орысша жазамын ғой. Бірден «Алло братан болды» деді ғой.
- Ал оған қанша еңбекақы төледіңіз, егер құпия болмаса?
- Құпия болмаса, 300 мың бердім. Енді жалпы ол қазір 500 мыңнан аса бағаға жазады ғой негізі. Енді сізге давайте осылай давай 300-ге жазып берейін деді да. Без проблем дедім, сөйтіп жазып берді.