SOLD OUT! 12 мыңдық аренаны лық толтырған Мот тыңдарманға қандай талап қойды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Алматы Аренада тағы да солду-аут! Ауқымды алаңды тыңдарманға толтырған талантты музыкант – Мот. Лирик әнші еліміздегі гастрольдік сапарын аяқтап жатыр. Мегополистегі кештің қызықтарын бірге тамашалайық.

 

Жанды дауыс, сапалы дыбыс және ерекше хореография! Мот араға 1,5 жыл салып Алматыда соло концертін өткізді. Музыкант кешке командасындағы мамандардың бәрін ерте келген. Мақсат – нағыз шоу жасау дейді Матвей.

- Я безумно рад вас видеть, смотрю ваши глаза, смотрю ваши лица, и понимаю что мы так ждали этой встречи.

Мот кешті өзінің талаптарымен бастады. Соңғы 10 жыл бойы трендтен түспейтін талант тыңдарманына сахнада тұрып өтінішін білдірді.

- Правило 1 - никаких проклятий в личные сообщение, комментарий вот это все мы убираем.

Моттың өнерін тамашалау үшін тыңдарман еліміздің түкпір-түкпірінен келген. Тіпті әншінің фанаттары оның хиттерін де жатқа біледі.

- Дәл қазір біз Моттың тыңдарманына сұқбат алатын боламыз, әншінің қай әнін сүйіп тыңдайды екен, бірге білейік кеттік...

- День и ночь.

- Лювоь как спецэффект.

- «Когда мужчина влюблен» деген.

- Айтып бере аласыз ба?

- Мен айтайыншы.... «Когда мужчина влюблён,

Воздух ему ведь не нужен»...нанана дальше айтпай-ақ қояйыншы..

- Өте әдемі..

- Капкан ты самый опасный для меня,

Как нам друг без друга прожить и дня?

Капкан - ты самый опасный для меня...

- Қай жақтан келдіңіздер?

- Атыраудан.

- Моттың әні нағыз ғашықтарға арналады...

- Тамыз айында танысқан соң, «Август» әнін де алуға болады.

Матвейдің жанкүйелері арасында танымалдар да жетерлік. Солардың бірі - Damelya Sweet.

Damelya Sweet, блогер

- Сіздермен бірге Дәмелі және НТК телеарнасы.

- Моттың әндері өміріңізде бір ассоциация алып келе ма, мүмкін жеке өмірде, мүмкін махаббат хикаяларына байланысты.

- Я думаю у всех в отнощениях есть типа песни Мота которые такие: Как нам друг без друга.

12 мың тыңдарман жиналған концертке Мот үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Соған орай музыканттың ұйымдастырушыларға қояр талабы да аз емес. Сапалы техникадан бөлек өнер иесінің райдері – дұрыс тамақтану екен.

Андрей Верещага, ұйымдастырушы

- Біз Jason DeRulo-мен жұмыс істедік, ол қиын әртістердің бірі болды, Мотқа қарағанда. Матвейдің райдері қарапайым әртіске керек жарақ. Бір сұрағаны дұрыс тамақтанғысы келетінін айтты. Мысалы, протейні бар батон, витамин қосылған салат деген сияқты.

- Осы концерт үшін Астанадан келдік. «Вдохновляйся многоэтажками, О, мгновение, задержись, Я пройдусь по нам мурашками, На чуть-чуть или на всю жизнь»... көп айқайлап қойдық бүгін концертте, өте керемет энергетика болды. Рақмет Мот!