Мадина Дәулетқызы, @makeshi_
- Eurasian Fashion Week дәстүрден таймастан көрсетілім алды медиа бранч ұйымдастырды! Сән апталығының биылғы тақырыбы «этникалық ой-сана», яғни өткеніңе, түп-тамырыңа оралу. Осылайша фэшн уик түрлі ұлттық мәдениетті тоғыстырып, идея алмасатын ортақ алаңға айналмақ.
Блогерлер мен әртістер, бизнесвумендер мен сәнгерлер бастаған сұлулар медиа бранчтың қадірлі қонағы атанды. Барлығы да келер сән апталығын тағатсыздана тосуда. Ал Eurasian Fashion Week директоры Ирина Байжанова шара көптің үмітін ақтайтынына сенімді.
Ирина Байжанова, EFW директоры:
- Eurasian Fashion Week-тің биылғы ерекшелігі қандай?
- Бұл жылы біз «этникалық айдентика» тақырыбын алдық. Адамдарды, әсіресе жастарды еліміздің мәдени мұрасын сақтауға, өткенге оралуға шақырамыз. Мысалы, түрлі қолөнер шеберлерімен коллаборациялар орнатылды.
Осылайша, сән апталығының «этникаға оралу» тақырыбын көтеруі бекер емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы кездері адамдар өзінің шыққан тегін, тарихын ұмытып бара жатқандай. Оның үстіне бұл отандық және шетелдік диайзнерлер арасында өз мәдениетін танытып, идея алмасуға таптырмас мүмкіндікке айналмақ.
Ирина Байжанова, EFW директоры:
– Сондай-ақ, сән апталығының аясында жас дизайнерлер топтамасын таныстырады. Оларға «Тепло» фонды ескі киімдерді ұсынды. Ал шеберлер болса, сол ескі киімдерден жаңа үлгілер жасап шығаруы тиіс. Нәтижесін фэшн апталықта көресіздер.
Еске салсақ, шара өткен жылдан бастап «саналы тұтыну» идеясын қолдап келеді. Яғни, өнімдерді қайта пайдалану арқылы жер шарына кесірін тигізетін әрекеттен қашық болуға шақыру. Алайда, сән апталығы қолға алған бұл жалғыз игі бастама емес. Мәселен, енді Eurasian Fashion Week өз сахнасына «ерекше» модельдерді шығармақ.
Диана Снегина, Еurasian fashion week» PR директоры:
- Сән апталығының екінші күні балалар киімдерінің көрсетілімі өтетінін білесіздер. Сол күні сахнаға қозғалысы шектеулі және онкологиялық дертке шалдыққан бүлдіршіндер модель ретінде а шығады. Дәл осылай Eurasian Fashion Week балаларға қуаныш сыйлап, адамдарды мейірімдірек болуға шақырғымыз келді.
Қадірлі қонақтар арасынан бизнесвумен Ляйсира Маратты да байқап қалдық. Әдетте фэшн шараларда көзге түсе бермейтін ол, алғаш рет сән апталығының амбассадоры атанып отыр.
Ляйсира Марат, бизнесвумен:
– Ляйсира ханым, сізді Eurasian Fashion Week-тің бренд амбассадоры етіп таңдаған екен. Неліктен?
– Eurasian Fashion Week-тің негізін қалаушы Ирина Байжановамен бұрыннан таныспын. Сән апталығының негізгі философиясы менікімен сәкес келеді, соған жылдар бойы көзім жетіп келді. Сондықтан, амбассадор атандым. Мәселен, бүгінгі шарада менің су жаңа кітабым келген қонақтардың біріне бұйырады. Ондағы ойлар мен фэшн уиктің айтары ұқсас.
Фатима Кулибали, актриса:
– Eurasian Fashion Week-тің тағы бір бренд амбассадоры Фатима Кулибали!
– Екінші жыл қатарынан бренд амбассадор атанып отырмын. Бірден бізде мықты коллаб орнады деп айта аламын. Биылғы тақырып та өзгеше болып отыр. Қандай ұлт өкілі болмасаң да, өзіңнің түп тамырыңа оралу өте маңызды. Бұл тақырып көпке ой салады деп үміттенемін.
Ал осымен 7-ші мәрте ұйымдастырғалы отқан сән апталығына әлемге әйгілі оңтүстік корейлік MAN.G бренді де қатыспақ! Шетелдік шебер тақырыпқа сай топтмасын әзірлеп, фэшн уиктің хэдлайнері атанбақ.
Мадина Дәулетқызы, @makeshi_
Осылайша, Eurasian Fashion Week мәдени мұраны сақтауды мақсат тұтып отыр. Сән апталығы 15-16 мамыр күндері өткізілмек! Онда отандық қана емес, шетелдік шеберлер де топтамасын таныстырады.