Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
Ғашықтар мекенінде дүбірлі той! Жеті маусым бойы жүректердің серігін табуға сеп болып жүрген «Бір болайық» бүгін ұясынан Нәзік есімді қатысушыны үкілеп ұзатпақ.
Кеше сіздің құдалықта орамалсыз, шалбармен билеп жүргеніңізді оқырмандарыңыз сынаған жоқ па?
Нәзік Оразбаева, «Бір болайық» жобасының қатысушысы:
-Жоқ, үйден кетіп жатқанда кішкентай вайб болды. А так Жарасханның үйіне барғанда көйлегімді, орамалымды киіп, келіндік міндеттерге кірісемін.
Еске салсақ, Жарасхан Нәзікке осыдан 9 ай бұрын үміткер болып келген еді. Бір жылға жуық сезімнің сан қызығы мен шыжығын бастан кешірген қатысушы: «махаббаттың арқасында үлкен трансформациядан өттім»,- дейді.
Нәзік Оразбаева, «Бір болайық» жобасының қатысушысы:
-Бұрын-соңды айтқандай, эфирді көрсеңіз мен қатты қырсық болған едім, қазір кішкене былай, жаан дей салам да қоя саламын.
- Абьюзерлік қарым қатынас жоқ па араларыңызда?
- Абьюзер көбінесе мен секілдімін осы ара қатынаста, себебі Жарасхан мені қыдыруға , құрбыларыммен жібереді. Ал, мен Жарасханды қызғанамын достармен қыдырма дегендей. Бірақта қазіргі таңда үйреніп , сол себептен қатты қиын болмайды деген ниеттемін.
Жоба қатысушылары да бұл жұптан жақсы отбасы шығатынына үміттенеді.
Анна Копылова, «Бір болайық» жобасының қатысушысы:
-Олар көп ұрыспайды, ұрысса өз араларында шешіп алады, олар уже өздеріне правила қойып алды да мынадай болғанда былай істейміз деп. Олар уже бір-бірлерін ыммен түсінеді деп айтсам болады.
Мұса Мамбетов, «Бір болайық» жобасының қатысушысы :
-Негізі мұнда келгенде үміткер болып, көпшілік адам бір қарап ой ештеңе шықпайды, ұзаққа жалғаспайды деген сияқты ой. Ал, бүгінгі нәтиже керемет нәтиже көрсетіп тұр.
Десе де, жас келіннің қыңыр мінезі әлі де сыр беретін секілді. Өйткені, ғашықтар той мәселесі аясында әлі де кикілжіңдер орын алып жатқанын мойындады.
Жарасхан Жанұзақов, Нәзіктің жұбайы:
-Міндетті түрде болады. Менің туысқандарым қарсы алады. Міндетті түрде болады, әрине. Бірақ Алматыда тоже ойлап отырмыз жасаймыз деп. Бірақ ол қырсығып маған давай сол ақшаға шетелге деп.
Бағдарлама жүргізушісі Шах-Керім Кәрмен болса, Нәзіктің Жарасхандай ер азаматты жолықтырғанына қуанышты екенін айтады. «Күйеубаламыз қызымыздың бойындағы жұмсақтықты көре және аша білді»,-дейді.
Шах-Керім Кәрмен, «Бір болайық» жобасының жүргізушісі:
-Махаббат адамды көркейтеді, бүкіл ішіндегі көркем мінездерінің барлығын ортаға шығарады. Өйткені бұған дейін Нәзіктің балалар үйінде өскенін ескерсек, ол жерде белгілі бір рефлекстер болады ғой, бала өзін жабық ұстайды. Бір адамның бар екендігін сезген сәтте жүрек деген кәдімгі гүл сияқты жайнап кетеді ғой. Сондықтан қазіргі Нәзіктің мінезі өзгерген мінез, ол өзгерген мінез емес, нағыз Нәзіктің мінезі.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
Нәзік пен Жарасқанның жұбы жарасып, үлкен өмірде бақытты, үлгілі отбасы болуына тілектеспіз.