«Бұл не масқара?!». Қайрат Әділгерейдің оқырмандары осылай деп, актерды жерден алып, жерге салды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

Қайрат Әділгерейді Шри-Ланкада көлік қағып кетті. Актердың сау тамтығы қалмай, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Бұл – Оңтүстік Азияда орналасқан 22 миллион халқы бар Шри-Ланка аралында таспаланған «Солай болып қалды» картинасының сюжеттік желісі. Басты рөл – Қайрат Әділгерейге тиесілі. Актер фильмге ерекше реңк беру үшін режиссердың ұсынысымен шашын сары түске бояп, жаңа эксперимент жасап көрген.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Мен өмірімде шаш бояған адам емеспін. Жалпы шашты күйдіріп, сарыға бояған қиын екен. Іштей қынжылдым енді. Өйткені, бұл шашты қайтадан ретке келтіру үшін 3 рет боядым ғой.

Әртістің жаңа шаш үлгісін қабылдай алмай, сырт келбетін сынға алған оқырман көп. Актер әртүрлі сөз айтып, балағатты қарша боратқандарға арнайы тікелей эфир ұйымдастырып, мұның жай ғана имидж екенін түсіндірген.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Әлеуметтік желіге салған кезде көбісі түсінбей қалды: жетіскен екенсің, албасты, жетпегені сол еді, сені үлгі тұтып жүрсек, мынау не масқара деген сияқты хейттар болды.

Қайрат Әділгерейдің экрандағы ғашығын Мадина Оспан ойнап шыққан. Волейбол командасының қорғаушысы рөлінде төбе көрсетеді.

Мадина Оспан, актриса:

- Кейіпкерім осыған дейін сомдап жүрген персонаждарыма, образдарыма қатты ұқсамайды. Наконец-то мен өзімнің жасыма сай жас қыздың рөлін сомдадым.

«Солай болып қалды» туындысында негізгі кейіпкерлердің бірін Айшолпан Байтүгел мен Жазира Еркін ойнады. Қос өнерпаз алғашында мүлде тіл табыса алмаған.

- Қазір инстаграмда Жазира екеуіңнің оқырмандарыңның арасында кикілжің пайда болған сияқты. Сені ақкөңіл деп, Жазираны өзінше дейді. Бұған не дейсің?

Айшолпан Байтүгел, блогер:

- Менің негізі көбі жертва образда деп жатыр ғой. Енді не істеймін, мен қырылып кетпеймін ғой. Басында кикілжің болды, ол рас, өйткені ол енді 10 жылдық стажы бар актриса. Мен новичокпын. Белгілі личный границалардан өтіп кеттім рұқсатсыз суретке түсіріп қойдым. Сондықтан сөз естіп қалғаным бар.

- Айшолпанның оқырманы сенің парақшаңды қара тізімге енгізе жаздапты. Қалай сақтанып қалдың?

Жазира Еркін, актриса:

- Айшолпанның кешірімін алып жатып, әйтеуір аман-есен қалдық қой.

Қыздармен жұмыс істеу оңай емес екенін «Солай болып қалды» картинасының амбассадоры Дәулет Исраил да жасырмайды.

Dake ZZZ, блогер:

- Қыздармен жұмыс істеу өте қиын екен. Тіл табысу өте қиын. Менің бір түсінгенім, ер баламен жұмыс істеген оңай екен маған.

- Мысалы, қандай қиындықтар болды?

- Бір айтқан нәрсені 4-5 рет айтасың, сосын істемеген соң, ұрысайын десең қыз бала, ұрайын десең де қыз бала.

Айдана Шалқар, @aiudna

- «Солай болып қалды» картинасы өзге отандық фильмдермен кассалық теке-тіреске түседі. Көп комедияның бірі бола ма әлде көрерменнің оң бағасын ала ма? Бокс-офис көрсетеді.