Қорлан Тұрсынбек, @qorlan_tursynbekova
- Бұл таспада менің жастығым. Бұл таспада менің жас күнім. Досекеш Тұрар! Біз бүгін оның жастығы мен мастығының куәсі іспетті «Таспаны» тыңдауға келдік!
Досекеш – әртістің сахналық лақап аты. Ал шын есімі – Тұрар. Бұл оның әншілік мәнсабындағы бэндтің сүйемелдеуімен өткен екінші концерті. Кешке ұзақ уақыт тыңғылықты дайындалған ол біраз жүрексінгенін жасырмады.
Dosekesh , әнші:
- Қобалжу бар сәл. Әрдайым әр кездесудің алдында, әр кештің алдында қобалжу болады.
Көпшілік көзге «Таспамен» танылған әртіс алғашқы әнін қимайтын көрінеді. Қоржынына 8 әнді еншілеген ол, жақын арада албом шығару жоспарда жоқ дейді.
Dosekesh , әнші:
- Өйткені біз тек қана бір әнмен синглмен жұмыс жасағымыз келіп жатыр қазір. Альбом мүмкін бір алдағы бір жылдықта немесе екі жылдықта тұрақталып алғаннан кейін шығаратын шығармыз.
Досекешті тек лирикалық әндермен танитын тыңдарман үшін бүгінгі кеш тосынсыйға толы болды. Себебі, әртіс келген жандарды көз үйренбеген ырғақты биімен таңғалдырды!
Жұрт біле бермейтін қызықты дерек: Досекеш мәнсабының алғашқы сатысында тыңдарман сүйіп тыңдайтын «Таспа» әніне бейнебаян түсіру үшін несие алған. Тіпті бұл үшін өкінбейтінін де айтты.
Dosekesh , әнші:
- Сіз ән үшін несие алған екенсіз. Қай ән үшін, қай бейнебаян үшін айтып кетсеңіз толығырақ.
- Біз сол бірінші «Таспаны» шығарар кезде, клипін түсіретін кезде, оранжировкасын жасаған кезде алғаш қарыз алған кезім болған. Сол, өкінбеймін ешқашан өйткені сол кездегі егер мен қорқып қалсам, егер ол нарсеге бармасам мүмкін бұндай дәрежеге жетпес пе едім деп қоям.
Сондай-ақ кеште «Бәрібір» трегімен танылған Ернар Амандық та өнер көрсетті. Бауырымды қолдап, қолпаштап келіп қалдым дейді.
Ернар Амандық, әнші:
- Досекеш бауырым өзі шақырып, бұрыннан өнерімен таныспын, шығармашылығы қатты ұнайды маған. Қолдап, қолпаштап келіп қалған жайымыз бар.
Ешкімдіде көргім келмейді көңіл күйім осындай,
Ешкімменде жүргім келмейді,
Кетем бәлкім косылмай
Керек жарақтарыңды алып маған маза берерсің,
Бір күні қайта келерсің,сол кезде бәлкім сенерсің.
Қорлан Тұрсынбек, @qorlan_tursynbekova
- Жып-жылы сөзі осы концертті сипаттауға арналғандай. Келген жандар естеліктер қобдишасына сүңгіп бір марқайып қалған сынды. Кеш жанды дауыста, бэндтің сүйемелдеуімен, жоғары деңгейде өтті.