KALIFARNIYA жақында Қазақстан бойынша турын бастамақ! Әртіс ән кешіне әйелін ерткісі келмей ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

KALIFARNIYA араға екі жыл салып тыңдарман алдына есеп беру кешін бермек. Музыкант бұл жолы еліміздің түкпір-түкпіріне барып арнайы концерт қояды. Жоспарда – 21 қала.

KALIFARNIYA, әнші

- Біз білеміз, сіз әр концертіңіз шоу жасайсыз, яғни билейсіз постановка болады деген сияқты, бұл жолы қандай да бір тосын сый бола ма?

- Енді Алматы қаласында Астана қаласында бұйырса қонақтар шақыратын шығармыз. Дайындық басталып кетті давно, Оразаның басынан басталып кеткен. Әлі жалғасып жатыр. Үлкен концерт болғандықтан құр қол өтіп кетпесін деген ниет қой негізі, максимально.

 

Фархад Қалиевтың бұл жолғы миссиясы тыңдарманын қуантып қана қоймай, қайырымдылық жасау. Хитмен барған әр өңірде бір-бір пәтер сыйлауға ниетті.

KALIFARNIYA, әнші

-Еліміздің 21 қаласында өтетін болады. Майдың 8-нен июньнің 16-сы арасында. Және бұл концерттің бір ғажабы құр концерт емес 21 қалада 21 баспана таратып кетсек деген ниетпен ұйымдастырып жатырмыз.

-Өте керемет идея ғой, бұл баспана концерттен түскен ақшаға алына ма?

- Шамамен 10-15 шақты баспананы өзіміз шығарамыз. Қалғанды елмен бірге көппен бірге шығарамыз деп үміттеніп тұрмыз.

 

Kalizone tour-да шоу жағы Калифарнияның жары Әнелге сеніп тапсырылған. Хореограф концертте әр композицияға би қимылдарын қоятын болады. Еске салсақ, Калифарния алғашында кеште жары өнер көрсетпейді деп инстаграм парақшасында жария еткен еді. Бірақ әншіге: «Әнелді де ала келші», - деп тыңдарман тыным бермей жатқанға ұқсайды.

KALIFARNIYA, әнші

- Бір қызығы Анель ешқандай концертте билемейді деп айттыңыз...

- Анель негізі екеумізде келісім болған біршама кішкене үзіліс ала тұрады деген. Бірақ енді толыққанды крест қойып запрет қойып тастаған ештеңе жоқ. Сондықтан билеймін десе қарсы емеспін, жалпы дайындық бойынша 21 қаланың 21 де де билетсеміз ба деген ойлар бар. Бірақ ол біздің тыңдармандарымыз үшін тосын сый болсын.

Былтыр жазда шаңырақ көтерген Фара таяуда ғана қоныс тойын жасады. Музыкант зәулім сарайын жақын достарына көрсетіп, сүйінші сұраған болатын.

KALIFARNIYA, әнші

- Таяуда ғана қоныс той жасапсыз, қоныс той құтты болсын, өзіңіз үй тұрғыздыңыз ба, қанша уақыт кетті?

- Ол үйді енді тұрғызған жоқпын, сатып алдым, осыдан 1 жыл бұрын сатып алдым, сосын жайлап бір жыл ішінде кішкене енді азынаулақ елімізден келіп жатқан қаражатқа байланысты құрастырдық үйді. Но енді биыл бітті. Ол да Алланың қалауымен. 21 жыл кетті ғой.

- Үй салу, үй тұрғызу оңай емес, қанша жыл еңбектендіңіз осы үшін?

- Алу үшін 1 жыл еңбектендім, енді еңбектенгенде 3 жасымнан бастап еңбектеп келе жатырм негізінде но бірақ Алланың қалауымен бір жыл ішінде алдым.