Айдана Шалқар, @aiudna
- Дәурен Серғазин – лудоман! Актер құмар ойынның құрбанына айналған. Әркімнен ақша сұрап, қарызға белшесінен батып жүр. Достарының алдында да сыйы қалмаған.
Бұл – Гүлнұр Мамасарипованың «Біз екеуміз» атты кезекті төл туындысының сюжеттік желісі. Толықметрде құмар ойынға құныққан жігіттің қарыздан құтылу жолында кездескен шытырман оқиғасы көрсетілген.
- Фильмнің түсірілімін бастамай жатып, премьера датасын белгілеп қоятын әдетіңіз бар еді. Осы жолы да солай ма?
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Иә, солай болды ғой. Сол үшін датадан жылжи алмай қалды ғой. Елдегі жағдайға байланысты датаны ауыстырғым келген. Бірақ бұның барлығы прокаттың уақыты осыдан 7-8 ай бұрын белгіленіп қойғандықтан, осы күні шығамыз енді не де болса.
- Премьераға образ дайындайтын кезде Ерке Есмаханмен ақылдастыңыз. Неге тоқталдыңыздар?
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Ерке өзі келіңізші маған, аксессуарлар алыңыз, ылғи жүре бересіз деп сөйтіп шақырып алды. Prada сумочкасын кеше Астанаға тақтым. Бүгін Алматыға тағы да тағып келуге ұялдым енді.
- Ал, бүгін Еркені премьераға шақырдыңыз ба әлде баласынан шыға алмай қалды ма?
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Ерке премьераға келмесе, өзі біледі ғой не болатынын. Бізде бүгін аукцион болады. Аукционда Еркенің бір заты ойнатылады. Сондықтан ол келу керек. Райм сияқты күшті жігітке тұрмысқа шыққысы келетін қыздар ырымдап алатын шығар деп ойлаймын.
- Бұл кімнің идеясы?
- Бұл менің идеям. Бұл жерде елімізде болып жатқан жағдайды көріп жатсыздар ғой. Үлесімізді тигізейік, ертең кассадан береміз жиналғаннан. Бірақ бүгін тарихи жәдігерлерге аукцион жасаймыз.
Аукционға қойылған алғашқы лот - Ерке Есмаханның құрсағына құт біткен кезде киген көйлегі. Қызғылт лук 150 мың теңгеге сатылды.
Құралай Анарбекова Роза Бағланованың эксклюзивті Луи Витон қолғабын 300 мың теңгеге, ал Франциялық бай-бағландар қолданған күміс қасық жиынтығын 350 мың теңгеге сатып алды. Одан бөлек, Мұстафа Шоқайдың түпнұсқа суреті 150 мың теңгеге бағаланды. Бәссаудада жиналған 2 миллион теңге тасқын тауқыметін тартқандарға жіберіледі.
«Біз екеуміз» картинасындағы басты рөлдер - Дәурен Серғазин мен Гүлназ Жолановаға тиесілі. Айта кетейік, негізгі актрисаны таңдау үшін арнайы кастинг ұйымдастырылған.
- Білуімізше, фильмде сіз кәсіпкер болады екенсіз. Бизнес вуменннің рөлін қалай алып шықтыңыз? Бастықтың рөлі келе ме екен сізге?
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Шынымды айтсам, оны қазір сіздермен, көрерменмен бірге көремін. Енді қаншалықты қолымнан келді, қаншалықты маған режиссер түсіндірді, соншалықты алып шығуға тырыстым.
Анаңыз «Біз екеуміз» картинасына басты кейіпкер таңдап жатқан кезде : Мені неге түсірмейсіз деп ренжіген екенсіз, иә?
Сара Амангелді, актриса, әнші:
- Иә, жыладым шынымен. Бұндай мүмкіндік бермеген кезде кішкене біртүрлі боп қаласың расымен. Себебі, мен де сол жолда жүрмін ғоой деген сияқты арам ой болды оның несін жасырамын.
Фильмнің алғашқы көрермені болған қонақтардың жанарын жаулаған актер - Дәурен Серғазин болды. Әртіс бірде қарызға белшесінен батқан ойынқұмар кейіпінде жәнен амалсыздан әйел образына енген күтушінің рөлінде төбе көрсетті.
- Түсірілім кезінде қанша сағат бойы биік өкшелі туфлимен жүрдіңіз. Аяғыңызды жарақаттап алған жоқсыз ба?
Дәурен Серғазин, актер:
- Біраз ауырды, бір сахнада 10-15 минут киіп жүресің, содан кейін 5 минутқа шешесің, солай араласып тұрды.
- Фильмде кейіпкеріңіз қарызға белшесінен батқан екен. Өзіңіз өмірде қарыз алып көрдіңіз ба?
Дәурен Серғазин, актер:
- Иә, әрине. Қарызға алып көрдім, бірақ қарыз алған кезде ұйқым төрт бөлінеді. Сондықтан соңғы жылдары қарызға алмауға тырысам.
Толықметрдегі махаббат үштігін Шерхан Пірназар толықтырды. Ешкімді менсінбейтін, паң жігіттің рөлін ойнап шықты. Жабық көрсетілімге актерды жанұясы қолдап келді.
- Әдемі, ұнады ма саған кино?
- Иә.
- Папаң күшті ойнады ма?
- Иә.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Ернар Нұрғалиев пен Гүлнұр Мамасарипованың тандемінен туған туынды көптің көңілінен шыға ма? Дәурен Серғазин мен Гүлназ Жоланова рөлдерін сәтті ойнай алды ма? Көрермен бағасын береді.