Кәсіби футболшылар жиналған! Шоу-матчта қырғыздар неге дау шығарды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:

– Қазір Алматыдағы орталық стадиондамыз. Бүгін Қазақстан мен Қырғызстанның медиа командалары арасында шоу-матч өтеді.

Ойын ойдағыдай басталды. Бірінші таймның ортасына жетпей-ақ, орталық шабуылдаушы – Артур Асқарұлы алғашқы голды сыйлады.

– Голыңызды су алып жатқан 10 облысқа арнайсыз ғой?

Артур Асқарұлы, Қазақстан футбол лигасының креативті директоры:

-Иә, иә. Дұрыс айтасыз. Біз біргеміз! Күшіміз бірлікте!

Алаңда 16 минуттай ойын көрсеткен Нұрбек Нұртаза құрамаға дайындықтың аздау болып қалғанын жасырмады. Дегенмен бірін бірі түсіну жағы жаман емес,-дейді ол.

– Біздің ойыншылар бір бірін түсінбей жатқан сияқты. Әлде сияқты ма расында?

Justking, блогер:

– Сияқты емес. Негізі сондай. Біз көп жиналған жоқпыз негізі. Көбісі тренировкаға келмеген де мысалы.

– Сіз бардыңыз бар тренировкаға?

-Иә, тренировкаға бардым.

-Екі рет па?

-Екі рет бардым иә.

-Дұрыс па?

-Дұрыс. Сол екі ғана тренировка болды ғой. Екеуіне де бардым иә.

Қырғызстандық медиа өкілдер: сендердің құрамда кемі 2-3 кәсіби ойыншы бар,-деп базыналарын ашық білдірді.

– Қазақта мынандай мақал бар: Қонақ қойдан жуас,-дейді. Сіздер бізге қонақ болып келіп біздің медиа лиганың ойыншыларына өкпе, базына, наз айтып жатырсыздар. Ол қалай болды?

Азамат Ұланов, актер

– Жоқ, жоқ, жоқ. Анандай емес. Біз өтеле... Шынындале мединый игроктарды алып келдік та мысалы үчін. Вообще футбол ойнамайды да. Даже базасы жоқ. Біз ойлағанбыз мынандай шоу-матч болады деп. Келип біреу құласа, ойнап, театр қылып Америкада өтеді да мысалы үчін.

Қырғыз ағайындар «Кәсіби ойыншы» қатарына жатқызғандар арасында Арман Қоңыр да бар. Дегенмен әншінің өзі футболмен мықтап айналыспағанын айтады.

Арман Қоңыр, әнші:

– Енді мен үшін ол үлкен комплимент қой ол. Жақсы ойнаған деген сөз ғой ол. Жақсы ойнап жатырмын. Бала кезімізде футбол ойнағанбыз иә. Енді бірақ ол қашан болды ол. Так что қазір анда санда ойнаймын.

Екінші тайм басталған бойда Ұлан Қонысбаев үшінші голды соқты. Ұланның кәсіби футбол алаңынан кеткеніне 8 жылдан асып барады. Ал медиа лигада ойын көрсетіп жүргеніне 2 жыл.

– Ұлан 2011 жылы «Шахтер» құрамасымен Қазақстан чемпионатын жеңдіңіз және үздік ойыншы атандыңыз. Медиа лига қалай екен?

Ұлан Қонысбаев, инфлюенсер:

– Бұл енді жолдастық кездесу болғандықтан біріншіден айтқым келгені мына қырғыз бауырларымызға үлкен рақметімді айтқым келеді. Бізге су тасқыны, қиын жағдайда ең бірінші көмегін көрсетіп жатыр. Бұл профиссиональный неге қарағанда, басқаша бәрібір.

– Темірлан, бұл тек қана футбол емес және өзіңнің азаматтық көзқарасыңды білдіру ғой иә? Нүкенова деп футболкаңа жазып алған екенсің.

Темірлан Ержанұлы, блогер:

– Дұрыс айтасыздар. Менің просто аздаған оқырмандарым бар. Көбісі жас балалар өзім сияқты. Соларға жеткізгім келгені: әйел адамдарды құрметтеу керек. Өйткені ол біздің гүліміз.

Жолдастық кездесуде Қазақстан медиа құрамасы 4-3 есебімен жеңіске жетті.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:

– Бүгін біздің медиа өкілдеріміз жарады! Жігіттерді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!