Кинокөрісу – 2024! Біздің кинонарықтағы көзге сүйел болған мәселе қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Бүгінгі локация - кинопати! Наурыздың алдында отандық режиссер, продюсер және актерлар бас қосатын дәстүр қалыптасты. Бүгін де әдеттегідей кино нарықтағы проблемаларды қозғап, оған шешім іздемек. Нетворкингтің тақырыбы - «цифрлық контентті дамыту»!

 

«Digital саласын дамытамыз!» Киногерлердің биылғы ұраны осы. Олар бас қосып дәл осы тақырыпта ой алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.

Қуат Садықов, кинопродюсер:

- Цифрлық контентті дамыту үшін не істеу қажет?

- Жұмыс стеу қажет. Ну, надо делать то же самое – просто понимать, что происходит в мире, понимать социологию, психологию, стараться адаптироваться.

Азамат Дулатов, оператор:

- Жақсы, сапалы түсіру керек, жақсы, сапалы сценарий керек. Сценарийлар жәй сценарий емес, біздің идеологияға керемет қатынас жасайтын сценарийлар керек.

Мақсат Мамраимов, актер:

- Жалпы мына условиялар жасау керек екен. Қазір цифрлық контент өте жақсы дамып дамып жатыр. Жаңағы мынау тик-тогымыз бар, инстаграмымыз бар, ютубымыз бар. Өйткені ол тегін.

Санжар Мәди, актер:

- Ну, в первую очередь надо работать над собой, смтореть как делают другие, рассказывать как ты это делаешь.

Алмагүл Сағындық, актриса:

- Мен ол жағынан қараңғымын деп сразу айта салайын ба? Цифрлық контент негізі мен ойлаймын СНГ-да, бізде өте жақсы дамыған деп. Егер бір қандай да бір ұсыныстар болып жатса, сол тараптарда, мен әрқашан қолдауға дайынмын.

Шарада бас қосқан киногерлер жиынның мүмкіндігін пайдаланып мәселелердің шет жағасын айтып қалды.

Алмагүл Сағындық, актриса:

- Кинонарықта қандай проблема бар басты?

- Ақша, әрине. Біріншіден, ақша. Екіншіден, жақсы сценарийсттер аз сияқты. Потенциалыңды көрсететін.. мысалы, мен өзімнің қазіргі.. өзімнің сезініп жүргенім потенциалымды көрсететін бір мысалы, бір проект күтесің да. Сондай проекттер аз болып жатыр.

Мақсат Мамраимов, актер:

- Ақша.

-Қандай проблемасы?

- Ақша ғой.

- - Иә, ақша, коррупция. Сосын жаңағыдай кинотеатрлардың аздығы, мамандардың аздығы. Проблемалар көп. Проблема ол всегда болады, проблема.

Қуат Садықов, кинопродюсер:

- Қуат енді сіз кинопродюсерсіз ғой. Қазіргі таңда кинотеатрларда табыс көзі түскеннен кейін қанша процент қай жаққа кетеді? Салыққа бар, дистрибьюциялық компания бар...

-Ақпарат желіде де қолжетімді. Бізде кинонарық енді ғана дамып келеді. Оның үстіне кинотеатрдың аздығы үлкен мәселе.

- Ал, ақпараттарда кинотеатрлар 50% алады деген. Ол тым көп емес пе?

- Ол көп емес. Өйткені, это мировая практика, это во всем мире так: это в Голливуде так, это в Болливуде так, это в Турции так, это в Европе так. Это – бизнес.

Санжар Мәди, актер:

- Қазіргі таңда Қазақстандық кинонарықта фильмдер 1млрд – 2млрд касса жинап жатыр. Ол актерлардың гонорарына әсер ете ма?

- Өкінішке орай бізде әлі роялти ұғымы қалыптасқан жоқ. Актер тек жұмысына ғана гонорар алады. Дегенмен касса алып келетін кейіпкердің бейнесі болғандықтан мұндай үрдіс бізге енуі тиіс.

Мақсат Мамраимов, актер:

- Негізі жыл сайын баға өседі ғой продуктыға. Сол сияқты актерлардың да гонорары өседі.Ал, былай енді мынау Батыстың киносын алатын болсақ, әр актердің уже как договоришься ғой. Долясы болуы да бар.

- Орта есеппен актерлар кем дегенде қанша алады? Бір күндік сменаға?

-Кем дегенде, енді мынау массовкасы бар, иә. Массовкасы где-то бір 5-10 мыңнан басталады да и жаңағыдай.. мысал үшін, ана «Миллион» командасы.. а бірақ айтпай-ақ қояйын. Айтпай-ақ қояйын. Бір өте қымбат сахна түсірді.

- Тұңғышбай аға емес па?

- Тұңғышбай ағаның.

- 800 мың теңге 10 минутқа.

- Вот 800 мың теңге. Бір сцена 800 мың теңге.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпас! Сондықтан, киноны дамыту ортақ іс! Сәйкесінше, киногерлер жиі бас қосып, мәселені бірлесе шешуге ниетті! Нәтижелі болады деп сенейік!