Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
«PUM PUM», «BIRLIK», «QALAI JAGDAI?», «ТАНЕЦ»... Бұл Say Mo-ның жаңа альбомына енген тректер тізімі! Рэпер шығармашылығындағы дебюттық «MONEY GIRL» үнтаспасын жарыққа шығарды.
MONEY GIRL – жұмыла көтерген жеңіл жүк! Себебі, Сей Мо 18 тректік күйтабақты 1-ақ айда жинақтап, жазып, жарыққа шығарып үлгерді. Істің жедел жүруіне жолдастарым жәрдемдесті дейді сылқым.
Say Mo, рэпер:
- Көбісі дайын өлеңдерді маған сыйлады альбомыма. Бәріміз бірге жабылып осы альбомды жасадық деп айта аламыз. Сондықтан мен тек қана өзім деп айта алмаймын.
Күнділікті күйбең тірліктен шаршап жүрген тыңдарманымды одан әрі мұңлы ойға батырғым келмейді дейді Моля. Музыкамнан ләззат алуы үшін жұмыс істедім деп отыр. Жаңа пәтерінің жөндеу жұмыстары, түрлі концерттер мен шараларға бару, түсірілімдермен қатар жүрген альбом жазу процесі! Дедлайн – тым қысып жіберген.
Say Mo, рэпер:
- Фиттар көріп қалдық. Кім таңдады ондай коллобарацияны? Өзіңіз ұсындыңыз ба әріптестеріңізге?
- Альбомдағы барлық фиттар, ол фиттағы әншілер – мен жақсы көретін әншілер. Мысалға Ghetto Dogs. Мен оларды кішкентай кезімнен бастап тыңдағанмын және де құрбым Назима. Онымен мысалға келісу, бізде бір сообщение ғой. Давай-давай, болды. Нурик Смитпен жақсы сөйлесем, Jaman Ti, Nomad Punk-пен мен вообще жұмыс істеймін күнде.
Jaman T, музыкант:
- Мөлдір жазды маған, куплет жібердім, сонымен бір бэнгер болды. Осындай.
- Яғни сіздердің араларыңызда фит жазу процессте жүреді ғой
Тез жүреді, иә, тез. Бір-екі сағатта жазып тастағанмын куплетін. Болды бір-екі сағатта дайын болған тректеріміз.
Кисло-Сладкий, рэпер:
- Молямен фит жаздыңыз
Иә, бірлік болсын әлемде деген ууу тема
Бірлік болсын әлемде әні Кенталдыкы ғой Ол кісі рұқсатын берді ғой?
Иәә, перепискаларды көрсетейін ба?
Переписка? Ух ты, өзіңіз жаздыңыз ба жеке?
Иә, Кентал братан, саламалейкум, қалайсың? Мен ғо қышқыл-тәтті деп
Сіздер арнайы контент те түсірдіңіздер Say Mo-мен, ол жерде кәдімгідей екеуіңіз
Бізді үйленіп жүрген деген адамдар, қумаңдар
Яғни шипперить етпей-ақ қойыңдар десеңізші
Иә, чисто ха-ха күлкім пришла ғой
Say Mo, рэпер:
- Бүгін кешке тағы бір тосынсый болайын деп тұрған сияқты. Жаңа ғана сіздің диджейский пультта ойнап жатқаныңызды көрдік.
- Бүгін мен одан бетер қобалжып тұрмын. Тек қана альбом емес, бүгін мен бірінші диджейсэтім болады. Диджейнгқа осы бір ай бұрын барып үйреніп бастағанмын. Мысалы, маған сенсейім де айтады: «Капец ты рано!».
- Кім сенсейіңіз?
- DJ Loki.
- Диджей болуға идея, шабыт қайдан келді?
- Ойладым қашанға сценада просто осылай-осылай жүре берем. Хочется, чтобы дополнительно, чтобы делалось на сцене. И ойладым может пульт қойып қойып, өз әндерімді миксовать етіп, бір қызық бола ма деген оймен үйреніп бастағам.
Yenlik, рэпер:
- Негізі Молямен фит жазуға қалай қарайсыз?
- Мөлдірмен ұзақ уақыттан бері араласасыз ба?
- Жоқ, осы соңғы кезде 2-3 рет көрісіп қалдық, сол, соңғы рет Оюдың съемкасында кездестік, содан кейін шақырды, қуаныштымын.
- Жақсы араласып кеттіңіздер.
Енді қатты емес, бірақ осы бірінші презентациясына шақырды.
Сей мо енді Қазақстан бойынша тур бастамақ. Алыс-жақын шетел де межелі мекен.